Тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалып, олардың ұсыныс-тілектері ескерілді.
«Ақ жол» партиясы сайлауалды науқаны аясында Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесті
фото: «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметінен алынды
221
оқылды

Бүгін сайлауалды науқан аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Жетісу облыстық филиалында Ашық есік күні өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына партиялық тізім бойынша қатысатын кандидаттар мен «Ақ жол» партиясының өкілдері тұрғындармен кездесті.

Жүздесу барысында олар «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ қатысушыларға «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша ақпараттық-үгіт материалдары таратылды.

«Ақ жол» партия өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер халықпен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға көмектеседі.

Тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдалып, олардың ұсыныс-тілектерін ескеріліп, кері байланысты нығайтуға жақсы мүмкіндік туды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауабын алып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, «Ақ жол» демпартиясы Жаңаөзен қаласында Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы өкілдері «МұнайФилдСервис» ұжымымен кездесті. Кездесуге «Ақ жол» партиясының штаб басшысы әрі Құрылтай депутаттығына кандидат Батыржан Қорғанбаев, штаб өкілдері Бердібек Есенжанов, Жалғас Агисов, Санбибі Кулкараева, Бақытжан Жұмағалиев қатысты.

Жиын барысында Батыржан Қорғанбаев «Ақ жол» демпартиясының Құрылтай сайлауына арналған саяси бағдарламасымен таныстырды.