Осындай тағылымды сәттердің бірінде ол туған-туыстарының ортасында таба нан пісіріп, ұлттық құндылықтардың өміршеңдігін тағы бір мәрте еске салды, - деп хабарлайды Aikyn.kz «Ауыл» партиясының баспасөз қызмтіне сілтеме жасап.
«Ауыл» партиясының мүшесі Қарақат Әбденнің айтуынша, таба нанның иісі, бір дастарқанның берекесі, үлкеннің тәлімі мен кішінің ықыласы – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан асыл мұрасы.
– Ұлттық құндылық үлкеннің қолынан кішінің қолына өтетін өмірдің ізі. Дәстүр үзілмесе – ұрпақ та өз тамырын ұмытпайды. Сондықтан осы сәттер арқылы ұлттық рух, еңбекке құрмет және отбасы құндылықтары ұрпақ санасына сіңеді.
«Ауыл» партиясы сенетін мықты шындық бар: «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз». Ал ауылдың гүлденуі – еңбек адамына, ұлттық рухқа, салт-дәстүрге және отбасы құндылықтарына деген құрметтен басталады, – дейді Қарақат Әбден.
Шынымен «Ауыл» партиясының өкілдері «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз!» деген ұранның негізінде Қосшы қаласындағы медициналық ұйым ұжымымен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Ш.А. Байманов, А.А. Разинков, Д. Райханова, Д.А. Бабамұратов, І. Досходжаев және С.Р. Абдуразакова, Д.Рахымбек, А.Турмухамбетова, А.Устемирова қатысты.
Кездесуді ашқан «Ауыл» партиясының төрағасы Қ. К. Айтуғанов Қосшы қаласының қысқа уақыт ішінде еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан қалаларының біріне айналғанын атап өтті.
"Халық санының өсуі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамытуды талап етеді. Ал Қосшы - Қазақстанның барлық өңірінен келген азаматтарды біріктіретін қала. «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі қағидаты «Қуатты өңірлер – қуатты орталық!». Осы бастама азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, - деді «Ауыл» партиясының төрағасы.
Төрағасы «Ауыл» партиясының бағдарламасы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды және медицина қызметкерлерін жан-жақты қолдауды көздейтінін айтты.
Оның айтуынша, партия медицина мамандарының еңбек жағдайын жақсартуды, саланың кадрлық әлеуетін күшейтуді, кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтуді және заманауи технологияларды енгізуді қолдайды. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – телемедицинаны дамыту. Бұл ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдарға жетекші клиникалармен қашықтан кеңес алып, медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
«Ауыл» партиясын қолдау – қуатты өңірлерді, берік отбасыларды, мықты экономиканы және қуатты мемлекетті қолдау деген сөз», – деді Қ. К. Айтуғанов.
