«Байтақ» жасылдар партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев бастап барған топ еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдараламасын таныстырып, оның негізгі бағыттарына тоқталды.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, халық денсаулығын сақтау, тұрақты экономикалық даму, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар жайлы ақпарат берді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Жұмыскерлер өздерін толғандырған сауалдарды қойып, оған бірден жауап алды. «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері азаматтарға сайлаудың маңызын түсіндіріп, оларды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға шақырды.
«Байтақ» партиясының өкілдері "Қызыл жұлдыз" елдімекені халқымен кездесті
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалы өкілдері «Қызыл Жұлдыз» елдімекенінің тұрғындарымен кездесті.

Шара барысында «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері филиалдың қызметі туралы баяндап, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.
«Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасы бірнеше бағытта қамтыған. Олар – жасыл экономиканы дамыту, экологиялық қауіпсіздікті күшейту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға негізделген», - деді филиал төрағасы Нұрсұлтан Өмірбаев.
Тұрғындар өздерін толғандырған түйткілдерді ашық айтты. Оларды алаңдатқан мәселелер қатарында суару жүйесін жетілдіру, саябақтарды абаттандыру, демалыс орындарын көбейту, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды жолға қою және электр энергиясының жиі өшуі. «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері барлық ұсыныс пен өтініш назарға алынып, әр іс бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі деді.
«Байтақ» партиясы табиғатты қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді
«Байтақ» жасылдар партиясы және аңшылар мен балықшылардың AYALA ұлттық палатасының бастамасымен қолға алынған «Табиғат – ұлттық мұра» республикалық дөңгелек үстелдер циклінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы шара Алматы мемлекеттік табиғи қорығында болды.
Кездесуге жасылдар партиясының республикалық штаб өкілі, натуралист, номадтанушы, Батыржан Сейдомар қатысты. Басқосу барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми әлеуетін күшейту, табиғатты қорғау ісіндегі инспекторлардың рөлі, биоалуандықты сақтау және экологиялық саясатты жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық сараптамалық дөңгелек үстелдер циклі алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасады. Бұл – табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер пысықталып, талқыланатын тұрақты пікірталас алаңына айналмақ.
