Respublica партиясының командасы Шығыс Қазақстан облысындағы AN Group компаниялар тобының ұжымымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған көпсалалы компания бүгінде құрылыс пен өндірісті тоғыстырған тұтас экожүйе қалыптастырған.
Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров пен Respublica-партиясының кандидаттар сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын таныстырып, қол жеткен нақты нәтижелерді баяндады.
Еңбек ұжымы Respublica партиясы салық жүктемесі, уақыт белдеуі, білікті кадр тапшылығы, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және заңнамалық өзгерістер туралы сұрақтар қойды.
Әрбір сауалға толық жауап берілді. AN Group басшысы Қайнар Дүйсенов нақты сектор мәселелерін кабинетте емес, еңбек адамдарымен тікелей талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Respublica партиясының Шығыс Қазақстан облысындағы сайлауалды кездесулері жалғасуда. Өскемен – түсті металлургия, машина жасау, энергетика және өңдеу өнеркәсібі шоғырланған еліміздің негізгі индустриялық орталықтарының бірі. Сондықтан өндірісті қолдау, кадр даярлау және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері Respublica партия бағдарламасының басым бағыттарының қатарында қала береді.
Құрылтай депутаттығына кандидат Тахмина Нағұманова Respublica-ға саналы түрде қосылғанын айтып, партияның басты артықшылығы нақты нәтижеге бағытталған жұмысы екенін жеткізді.
