Кездесу барысында өндірістегі экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін күшейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ «Байтақ» партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар талқыланды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өңірдегі өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді. «Байтақ» партиясының өкілдері көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтты. Ал азаматтар мен еңбек ұжымдарымен ашық диалогты алдағы уақытта да жалғасады деді.
«Байтақ» партиясының кандидаты Жамбыл ауданын аралап қайтты
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына үміткер Елдос Айбеков үгіт-насихат жұмысын Алматы облысы Жамбыл ауданында жалғастырды. Кандидат өңір халқымен кездесіп, көпшілікті толғандырған мәселелерді естіп білді.

Елдос Айбеков алдымен Жамбыл Жабаевтың музейіне тоқтап, зират басында құран бағыштады. Бұдан соң Қарақыстақ, Аққайнар, Самсы, Ұзынағаш, Мыңбай, Қарғалы, Қасым бек елдімекендеріне барды.
«Біз барған ауылдардағы көтерілген басты мәселелер – интернет, ауыз су, газдың қымбаттауы. Мәселен Қарақыстақта газ бағасы бұрын 49 теңге болса, қазір 73 теңге болған. Жұрт биыл қыста қайта көмірге көшеміз бе деп отырғанын айтты. Кейбір елдімекенде мектеп проблемасы бар екен. Тұрғындардың сөзінше, оқушылар 2-3 ауысыммен оқуға мәжбүр», - дейді «Байтақ» партиясының кандидаты.
Аққайнар ауылының халқы су мәселесі өткір дейді. Олардың сөзінше, құбыр тарту жұмысы үш жыл бұрын басталған, бірақ аяқсыз қалған. Ал кей өңірде ауыз су уақытпен беріледі екен. Кейде насостың күші жетпей, сусыз қалатын күндер көп деп жұрт.
«Байтақ» партиясының өкілдері ауыл тұрғындарына сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырды. Экологиялық ахуалды жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды талқылады.
Алматыдағы еңбек ұжымдарымен кездесу жалғасып жатыр
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутатына кандидат Владимир Мартель Алматы қаласындағы «Сұңқар» медициналық орталығы жанындағы «Қайнар» емдеу орталығының ұжымымен кездесті.
Шарада кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, экологиялық ахуалдың халық денсаулығына әсері жайлы ойын айтты. Әңгіме ауа мен ауыз судың сапасы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және аурудың алдын алу мәселелері төңірегінде өрбіді.
«Халық денсаулығы ең алдымен қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Сондықтан таза ауа, сапалы су және қауіпсіз экологиялық орта қалыптастыру – тек табиғатты қорғау ғана емес, ұлт саулығына салынған инвестиция. Біз үшін бағдарламаны таныстырумен қатар, күн сайын адамдардың денсаулығына жауапты мамандардың пікірін тыңдау да маңызды», - деп атап өтті кандидат Владимир Мартель.
Медицина қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Олар денсаулық сақтау саласы мен экологиялық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Партия өкілдері мұндай кездесулер халықтың нақты сұранысын ескеруге және қоғам үшін маңызды бастамаларды бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
