Respublica партиясы республикалық сайлауалды штабының Павлодар облысындағы жұмыс сапары аясында Құрылтай депутаттығына кандидат, PhD докторы Думан Жампеисов «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Respublica партиясының мүшесі Ғалым Думан Жампеисов Павлодар облысының Қазақстан энергетикасындағы стратегиялық рөліне тоқталды. Өңір елдегі электр энергиясының жартысына жуығын өндіріп, көмірдің жартысынан астамын қамтамасыз етеді.
Алайда, Respublica партиясының өкілінің айтуынша, энергетика саласына жекелеген жөндеу жұмыстары емес, ұзақ мерзімді әрі жүйелі жаңғырту қажет.
«Павлодар облысы – еліміздің энергетикалық жүрегі. Өңірдің генерация қуаты 8,4 гигаваттқа жетеді, бұл шамамен үш атом электр станциясының өндірістік әлеуетіне тең. Сонымен қатар Павлодар – Ресей мен Өзбекстанға электр энергиясын экспорттайтын өңір. Сондықтан энергетика – бұл тек мегаватт пен статистика емес, осы саланың дамуына күн сайын үлес қосып жүрген адамдардың еңбегі және елдің болашағы», – деді Respublica партиясының мүшесі Ғалым Думан Жампеисов.
Ол Respublica-ның сайлауалды бағдарламасында энергетикалық қауіпсіздікке ерекше мән берілетінін атап өтті. Respublica партиясы атом және жаңартылатын энергетиканы дамытуды, инфрақұрылымды жаңғыртуды, энергия тиімділігін арттыруды, энергоаудит жүйесін жетілдіруді және стратегиялық нысандардың киберқауіпсіздігін күшейтуді ұсынады.
