«Ақ жол» партияса кездесуді ашық пікір алмасу форматында өткізді.
«Ақ жол» партиясы ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесті
фото: «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметінен алынды
331
оқылды

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық сайлауалды штабының мүшелері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) ұзақ мерзімді халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдері Anja Bronny мен Ilya Chubarov-пен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің негізгі мақсаты – 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға «Ақ жол» партиясының облыстық сайлауалды штабының дайындық барысымен танысу. Сонымен қатар «Ақ жол» партиясы облыс бойынша атқарылып жатқан ұйымдастыру жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат алмасып, халықаралық байқаушылардың сайлау процесін бақылауға қатысты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Ақ жол» партиясының облыстық штаб мүшелері тарапынан сайлаушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен  үгіт-насихат жұмыстарының жоспарға сәйкес, кезең-кезеңмен жүріп жатқандығын, кандидаттарды ұсыну және тіркеу, олардың  арасындағы әйелдер мен мүгедектігі бар азаматтардың үлесі мен жас ерекшілігі туралы толық мәлімет берді.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушылары өңірдің  негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретінін айта келе, «Ақ жол» партиясының  бағдарламасында ауыл тұрғындарына және ауыл шаруашылығына арналған басымдыған айтып берді. Облыстық штаб мүшелері партияның негізгі ұстанымдарының бірі - кіші және орта бизнесті қолдау болса, бағдарламаның басым бөліктері осы ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ететін кәсіп иелеріне бағытталған.