Respublica партиясының ReBus ақпараттық-ойын-сауық жобасы дәл осындай ерекше форматта өтті. Екі қабатты автобус бірнеше сағат бойы Астананың басты көшелері мен көрікті орындарын айналып өткен. Соның арқасында халыққа көтеріңкі көңіл күй мен ашық диалогты тоғыстырған өзгеше қалалық атмосфера сыйлады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Respublica партиясының баспасөз қызметінне сілтеме жасап.
DJ әуені қосылған күйде жүргізуші микрофон арқылы қала тұрғындарымен тілдесті, ал Respublica-ның белсенді жастары жобаның шырайын кіргізді. Ең бастысы – жол бойында автобусқа қол бұлғап, суретке түсіп, видеоға жазып, пікір білдіріп, еркін әңгімеге араласқандар болды.
«Саясат міндетті түрде жалықтыратын дүние болмауы керек. Егер жастармен тіл табысқымыз келсе, олардың тілімен сөйлеп, орталарына баруымыз қажет. ReBus – қозғалыстың, жаңа энергияның және ешқандай кедергісіз өтетін ашық әңгіменің символы. Біз елдің ертеңін сырттан бақылап қана емес, өз мойнына жауапкершілік алып, іске кірісетін жастар қалыптастырады деп сенеміз», – деді Respublica партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайына кандидат, партияның Орталық аппараты басшысының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі Тоқтар Болысов.
ReBus бағыты Respublica партиясы «Бәйтерек», EXPO, «Хан Шатыр», Есіл жағалауы, Президент саябағы және елорданың өзге де көрнекті орындарын қамтыды. Жол бойы музыка үзілмеді. Сонымен қатар жүргізуші Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтылды.
Respublica елдің болашағы идеясы бар, жігері бар, өзгеріс жасауға дайын азаматтардың қолымен қалыптасатынына сенеді. Ал ол үшін қалыптасқан шеңберден шығып, халыққа бір қадам жақындау қажет болса – дәл солай әрекет ету керек.
Кездесу соңында Respublica партиясының өкілдері тұрғындарды алдағы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырылды. Respublica партия өкілдері әрбір дауыс елдің болашағына әсер ететінін айтып, азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің маңызын атап өтті. Осындай жүздесулердің басты мақсаты – халықтың үнін есту, нақты мәселелерді бірге талқылау және оларды шешудің тиімді жолдарын бірлесе іздеу. Respublica өңірлердегі кездесулерін жалғастырып, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және түрлі сала мамандарымен ашық диалог алаңын кеңейте бермек.
Сонымен қатар, Respublica партиясының өкілдері Талғар ауданының Белбұлақ ауылындағы «Medicare International» ЖШС-нің қызметкерлері мен ем қабылдап жатқан тұрғындармен кездесті. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Партия өкілдері Respublica-ның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды таныстырып, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, еңбек адамының мәртебесін арттыру және өңірлерді дамытуға бағытталған бастамалар туралы айтты.
Жиын барысында қатысушылар Respublica партиясының өкілдеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Әңгіме емдеу сапасы, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, әлеуметтік мәселелер және халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты өзекті тақырыптарды қамтыды.
«Дәрігердің еңбегі – ел саулығының кепілі. Сондықтан медицина саласында жүрген әр маманның пікірі біз үшін маңызды. Біз бүгін тек сайлауалды бағдарламамызды таныстыру үшін емес, сіздерді тыңдау, ұсыныстарыңызды есту үшін келдік. Халықтың денсаулығы – мемлекеттің ең басты байлығы», – деді Respublica партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Ержан Дүйсекенов.
