Бүгін ЖСДП астаналық кандидаттар №4 қалалық емхананың медицина қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖСДП атынан ҚР Құрылтайының депутаттығына үміткерлер Наурыз Сайлаубай, Нұрлан Жабаев, Раушан Аубакирова және Талғат Татиков медицина қызметкерлерімен кездесті. Онда олар денсаулық сақтау саласын дамытуға, азаматтарды әлеуметтік қорғауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Жалпы, ЖСДП партиясы медицина қызметкерлерімен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған бастамалар жөнінде пікір алмасты. Саладағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Елде ұлт саулығын жақсарту жолында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
ЖСДП теледебаттағы пікірталасты әлеуметтік әділеттілік тақырыбын қозғаған. ЖСДП мүшесі Тазабек Самбетбай еңбек құқықтарын қорғау, дәрігерлер және ғалымдардың табысын арттыру мәселелеріне тоқталып, әлеуметтік мәселелер шешілмейінше экономикалық өсімнің тұрақты болуы мүмкін емес екенін айтты.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері де аймақтардағы үгіт-насихат жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр. Астанадан бөлек, кезекті кездесулер бірден үш өңірде қатар өтіп, партиялықтар халықтың көкейінде жүрген өзекті сауалдарға жауап берді.
Мәселен, ЖСДП мүшелері Жезқазғанда партия мүшелері Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен жүздесті. Өскеменде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы көлік компаниясының қызметкерлерімен тегін медициналық көмектің қолжетімділігін сөз етті. Көкшетауда өткен жиында ЖСДП денсаулық сақтау саласының түйткілді мәселелері талқыланды.
- Кіші және орта буынды медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру, резидентураға түсу бойынша және ауылдарда медицина қызметкерлерінің жетіспеушігі бойынша сұрақтар, - деді ЖСДП Ақмола облысы филиалының төрағасы Ілияс Жанғали.
