Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысты.
Аймақ өркендеуі жолындағы айрықша қадам
228
оқылды

Мемлекет басшысы жиында сөй­леген сөзінде дәстүрге сай ай­рық­ша ықыласпен қарсы алғаны жә­не бейресми кездесуді өткізу ту­ралы бастама көтергені үшін Қыр­ғыз Республикасының Пре­зи­денті Садыр Жапаровқа шынайы ризашылығын білдірді.

– Қырғыз халқы – қазақ халқы үшін бауырлас ел. Біз бәріміз – бір ту­ған ағайын халықпыз. Біздің ара­мызда қалыптасқан достық, се­нім, туысқандық және өзара қол­дау – ата-бабамыздан өсиет бо­лып қалған қасиетті аманат әрі мәң­гі құндылық. Қазіргі таңда біз Қырғызстанның қарқынды да­муы­на куә болып отырмыз. Сіздер қол жеткізіп жатқан әр жетістікке шын жүректен қуанамыз. Қырғыз елінің өсіп-өркендеуі – Орталық Азияның тұрақтылығы мен баянды дамуының маңызды кепілі. Бұл құрметті Президент Садыр Нұр­ғо­жаұлы Жапаровтың табанды еңбегі мен көреген басшылы­ғы­ның арқасы екені сөзсіз, – деді Қа­зақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кез­десу қазіргі күн тәртібіндегі өзек­ті мәселелерді талқылауға, сан қырлы серіктестіктің алдағы ба­­сымдықтарын айқындауға мол мүмкіндік беретініне тоқталды.

– Барлық деңгейдегі бай­ла­ныс­­тың жандануы бауырлас ха­лық­тарымыздың игілігі мен тұтас ай­мақтың өркендеуі жолында мем­лекеттеріміздің жасампаз ық­пал­дастыққа ортақ ұмтылысын ай­қын көрсетеді. Бұл орайда «ХХІ ға­сырда Орталық Азияны дамыту мақ­сатындағы достық, тату көр­ші­лік және ынтымақтастық туралы шартқа» қол қою рәсімдерінің аяқ­талуы айтулы жетістік болды. Атал­ған тарихи құжат страте­гия­лық серіктестігіміздегі жаңа ке­зең­нің басталғанын айшықтайды. Өзара сенімге, құрметке және бауыр­лас халықтарымыздың бо­ла­шағына деген ортақ жауап­кер­ші­­лікке негізделген өңірлік ын­ты­мақ­тастықтың «саяси арқауын» қалыптастырады, – деді Қазақстан Президенті. 

Мемлекет басшысы осы маңыз­ды Шартқа қосылғаны үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.

– Келесі кезең аталған құжат ере­желерін нақты іске асыру болу­ға тиіс деп санаймын. Осыған бай­ланысты достық пен тату көр­шілікті одан әрі нығайтуға, сауда-эко­номикалық, мәдени-гума­ни­тарлық қарым-қатынасты бекемдеуге бағытталған ұзақмерзімді өзара ықпалдастығымыздың анық бағдарлары көрсетілген іс-шара­лар жоспарын әзірлеуді және қа­был­дауды ұсынамын. Өзара се­нім­нің нығаюы мен өңірлік ын­ты­мақтастықтың қарқынды да­муы­ның арқасында Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр деп нық сеніммен айтуға болады, – де­ді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Әзербайжанның Кон­сультативті кездесулердің то­лық мүшесі  болуы бұл форматты ны­ғайтудағы оң эволюцияның жаңа деңгейін көрсететінін мә­лім­деді.

– Бірлескен күш-жігеріміз ар­қы­лы саяси диалогты одан әрі те­­­­реңдетуге, инвестиция, энергетика, өнеркәсіп салаларындағы қарым-қатынасты жандандыруға, бірың­ғай көлік-логистика жүйесін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасалуда. Соңғы жылдары өңі­рі­шілік сауда ұдайы өсіп, іскерлік бай­ланыс кеңейе түсті. Бірлескен кә­сіпорындар құрылып, ортақ ин­вестициялық жобалар іске асы­рылуда. Сонымен қатар гума­ни­тар­лық қарым-қатынас жандана түс­ті. Мәдениет, білім са­ла­ла­рындағы, жастар арасындағы ық­­палдастықтың мазмұны байып ке­леді. Осы оң нәтижелердің бар­лығы бауырлас халықтарымызды одан әрі жақындатуға және ай­мақ­тың беделін нығайтуға ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһан­дық үдерістерде Орталық Азия­ның рөлі сенімді түрде артып, әлемдік аренадағы аймақтың үні айқын әрі салмақтырақ шыға бастады деп санайды.

– Бұған Қырғызстанның Бі­рік­кен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңе­сінің тұрақты емес мүшесі ре­тінде сайлануы (2027-2028 жыл­дарға) жарқын мысал бола алады. Орайлы сәтті пайдалана отырып Қыр­ғыз Президенті құрметті Садыр Нұрғожаұлы Жапаровты және барша қырғыз халқын осы та­рихи жетістікпен құттықтай­мын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ық­пал­дастықтың барлық негізгі мәселесі был­тыр Ташкентте өткен кездесу­де егжей-тегжейлі талқыланғанын атап өтті.

– Сол кезде айтылған бастама­лар, соның ішінде Консультативтік кез­десулерді институционалдық тұр­ғыдан дамыту мәселесі әлі де өзек­ті және оны іске асыру мақ­са­тында бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Қазақстан қол жеткізген келісімдерге ынталы, елдеріміз арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікті ны­ғайтуға бағытталған жасампаз бас­тамаларды одан әрі ілгерілетуді көз­дейді. Бірлескен күш-жігер ар­қылы ортақ прогресс жолында бұ­дан да биік белестерді бағын­дыратынымызға сенімдімін. Сөз соңында түрікмен дос-бауыр­лары­мызға Консультативтік кез­де­су­лер фор­матындағы алдағы іс-шара­лар­ды өткізуде табыс ті­лей­мін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиында Қырғызстан Пре­зи­ден­ті Садыр Жапаров, Әзербай­жан Президенті Ильхам Әлиев, Тә­жікстан Президенті Эмомали Рах­мон, Түрікменстан Президенті Сер­­дар Бердімұхамедов және Өз­бек­стан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Орталық Азия және Әзер­бай­жан мемлекеттері басшыларының бей­ресми Консультативтік кез­десуі­нің қорытындысы бойынша Шол­пан-Ата декларациясы қа­был­данды.