Маңғыстаулықтар акцияға қолдау білдірді
Маңғыстаулықтар акцияға қолдау білдірді
250
оқылды
Елбасы – Nur Otan пар­тия­сының Тө­ра­ғасы Н.Назарбаев­тың  тапсыр­ма­­­сымен бастау ал­ған «Ке­дер­гісіз келешек», «Ба­қытты отбасы» және «Ар­да­­герлерді ардақтайық» пар­тия­лық жо­­­балары аясын­да ұйымдастырылған  #Biz­birgemiz pес­пуб­ликалық ак­­ция­сына Nur Otan пар­тия­сының Маңғыстау об­лыс­тық, қалалық және аудандық фи­­­лиалдары, облыстық Jas Otan Жастар қанаты, партия бел­сенділері, кәсіпкерлер мен ерік­ті жастар белсенді түр­де атсалысуда. Аталған топ «Есіктен-есікке» қағидасына сәй­кес адрестік көмектерді үлес­тіріп жатыр. Адрестік көмекті алушылар санатына жалғызбасты қарттар, аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мүм­кіндігі шектеулі жандар, мүге­дек бала бағушылар, жетім балалар, тыл ардагерлері мен соғыс арда­гер­ле­рі жатады. Аталмыш акцияға «Каз­­­Азот» ЖШС, «Каспий жылу, су ар­­насы» коммуналдық мекемесі, «МАЭК Қазатомпром» ЖШС, «СЭЗ Морпорт Актау» АҚ меке­ме­лері, жекелеген сауда орталықтары «Аман», «Дана» және облыстық мәс­лихаттағы Nur Otan партиясы де­путаттық фракция мүшелері қол­дау білдіруде.  width=  
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мем­лекеттік комиссияның отыры­сын­да сөйлеген сөзінде «Қазір бә­рі­міз күрделі ахуалды бастан өт­ке­ріп жатырмыз. Осы орайда, билік органдарына зор жауапкершілік жүк­теледі. Мұны естен шығармауы­мыз керек. Бұл міндетті баршамыз абы­роймен атқаруымыз қажет. Ви­рус­тың таралу жылдамдығы бәсең­де­мей отыр» деген болатын. Коро­на­вирусқа шалдыққандардың саны артуына байланысты төтенше жағ­дайлар ережесін сақтап, той-са­дақаға барудан бас тартып, сани­тар­лық-гигиеналық нормаларды қа­таң сақтауға шақырамын. Со­ны­мен қатар жастарды партияның ерік­тілері қатарына қосылуға ша­қы­рамын, – деді Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының тө­рағасы Әбілов Елубай.
Бұл үрдістің нәтижесінде соңғы бір аптаның ішінде Маңғыстау об­лысы бойынша барлығы 580 отба­сы­ға көмек көрсетілді. Аталмыш кө­мекке гигиеналық заттар, азық-тү­лік, медициналық бетперде және өзге де қажетті заттар енген. Акция де­малыс күндері де жалғасын та­уып, әлі де тұрғындарға қажетті жағ­­дай жасалады.  

 Әбілмансұр ЖАСАН