Жол картасы тығырықтан шығара ма?
Жол картасы тығырықтан шығара ма?
461
оқылды
Билік елде «дағдарыс» туғанын жасырмайды. Биік лауа­зымды тұлғалар жауырды жаба тоқымай, ұғымды өз­ге баламасымен ауыстырмай ашық айтады. «Індет, дағ­да­рыс дегеніміз – уақытша, өтпелі нәрсе. Біздің мақсат – мүмкіндікті барынша пайдаланып, осы дағдарыстан аман-есен шы­ғып, одан да мықты болуымыз керек», – деді Президент Қ.Тоқаев. Тиісінше, дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен пәр­менді шаралар қабылдануда. Сарапшылардың байламын­ша, әлемде «мінсіз дауыл» (идеа­льный шторм немесе perfect storm) орнады. «Ағылшын тілінің Окс­форд сөздігіне» жүгінсек, бұл тер­мин бірнеше қолайсыз ме­тео­рологиялық фактордың өте си­рек үйлесуі нәтижесінде туын­дай­тын төтенше сұрапыл дауылды біл­діреді. Қазір ол көркем теңеу ре­тінде қолданылады. Өйткені сан алуан құбылыс бір мезетке сәй­кес келгенде олардың жиын­тық­ты күй­ретуші қуаты адам сен­бес ала­пат дәрежеге жетеді.
Біріншіден, Қытайдан шық­қан коронавирус індеті осы айда жаһанға кең жайылып, дүние­жүзі­лік тарихта қалатын ғаламат пан­демияға айналды. Салдарынан планетамыздағы барлық елдерде кәсіпорындар жабылып, өнеркә­сіп­тер жаппай күйзеліп жатыр. Екін­шіден, «қара алтын» өндірісін қыс­қартуы нәтижесінде біраз на­рықтан айырылып, оларды басты қар­сыласы – АҚШ-тың тақтатас мұ­найын өндірушілерге беріп қой­ғанына назаланған Ресей мұ­най өндірісін бұдан ары қыс­қар­ту­дан бас тартып, араб елдерімен ара­дағы ОПЕК+ мәмілесін бұзды, сөй­тіп мұнай нарығындағы со­ғысты бастады. Соның кесірінен ши­кізаттың бұл түрі биыл екі есе­ден астамға арзандап кетті. Үшін­шіден, бүгінде әлем эко­номи­ка­сы­ның беталысын айқындайтын АҚШ, Қытай және Еуроаймақ эко­номикасының өсімі баяулап, дү­ниежүзілік рецессия басталған.
Осының барлығына Ба­тыс­­­­тың Ресейге қарсы қатаң сан­­­­к­ция­ларын жоймауы, инвес­тор­лар­дың дамушы елдерден ке­туі, «сауда соғысы» зардабынан ел­дердің өзара тауар айналымы­ның кемуі секілді ескі жылдан қал­­ған түйт­кіл­дер үстемеленді. Қазақстан жағдайына келсек, бі­­ріншіден, бюджет доноры са­на­ла­тын мұнайлы өңірлерде өн­ді­ріс дағдарды. Екіншіден, отандық басты экспорттық тауар – ши­кі­заттан түсетін түсім азайып кетті. Үшіншіден, наурыз айында теңге күрт құнсызданды. Төр­тіншіден, ел экономикасын ілгері сүйрейтін қос ірі мегаполистің карантинге жабылуы елдегі дағдарысты кү­шейтті. Бұлар қатарына енді кіріп-шығуды шектеген үшінші мегаполис те қосылатын түрі бар. Бе­сіншіден, өзімізде жасал­май­тын немесе мардымсыз көлемде өн­дірілетін тауар­лар импортының қымбат­­тауы бұқараның тұр­мы­сын тө­мен­детуде.  

Тұйықтан шығар жол қайсы?

Егер қандай да бір адам әл­де­­бір жақпамайдың жараны ж­а­­за­ты­нын білсе, келесі жара­лан­ғанда соны пайдаланары сөз­сіз. Адам­ның психологиясы, сана-сезімі, тарихи жады солай. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан 3 жаһандық дағдарысты өткерді, бұлар: 1998 жылғы Азиядағы дағ­дарыс, 2008 жылғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және 2015 жылғы қаржылық-экономи­калық дағдарыс. Экономистер бай­­ламынша, республика осы жыл­дары циклдық өсім мен ЖІӨ құл­дырауының 4 ірі фазасын бас­тан кешті.
Сарапшылар «мінсіз дауыл­дан» үрейленіп, дүрбелеңге түс­пеуге шақырады. Қазақ елінің жаңа мемлекеттілігі де дәл осын­дай дағ­дарыс кезеңінде ірге кө­тер­гені мәлім. Азаттыққа қол жет­кен шақта, ХХ ғасырдың 90-жылдары мемлекетіміздің жал­пы ішкі өнімі 61%-ға құл­ды­ра­ды. Баға құнсыздануы шарық­тау шыңына жетіп, 2000%-дан ас­там гиперинфляция жүрді. 130-ға жуық ірі кәсіпорын күй­реді. Бағалар айына 50 пайыздап қым­баттады. Барлық жерді жұ­мыс­сыздық жайлады: 1991-1995 жылдары Қазақстанда екі қолға бір күрек таппай, табыссыз сен­дел­ген азаматтар саны 2 миллион адамға жетті.
Биліктің ендігі басты мұраты – осы залалдың қайталануына жол бермеу. Осы мақсатта ел Үкіметі «Ха­лықтың жұмыспен қам­­­тылуын қамтамасыз ететін инф­ра­құрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абат­тан­дыру жөніндегі «Жол картасы» жо­басын қолға алды. Құжат «та­ри­хи санаға» құрылған. Яғни, дағ­да­рыс­тан шығу үшін мемлекет қайтадан инфрақұрылым тұр­ғызу­ға, жөндеуге және ауыл-ай­мақ­ты гүлдендіруге ден қоймақ. «Қазақстанда дағдарыс сал­да­рын еңсерудің және жұмыс­сыз­дық­тың өсуіне жол бермеудің бұ­рыннан жинақталған прак­ти­калық тәжірибесі бар. Мысалы, әлем­дік қаржылық-эконо­ми­ка­лық дағдарыс жағдайында 2009 жы­лы алғаш рет жұмыскерлердің жап­­пай босатылуының алдын алу­­дың, жұмыспен қамтуға жәр­дем­десудің және әлеуметтік қор­ғау­дың жаңа бағдарламалары мен әдістері – Өңірлік жұмыспен қам­ту стратегиясы әзірленді, ол «Жол картасы» деп аталды. Оны қар­жыландыруға 2019 жылы – 191 млрд теңге, 2010 жылы 151 млрд теңге жұмсалды. Небәрі 2 жыл­да барлығы 8 871 жоба іске асы­рылды, оларда 390,6 мың жұ­мыс орны ашылды» деп түсі­нік­теме берді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.    width= Оның мәліметінше, сол Жол кар­тасы арқасында тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық жүйе­сінің 1 360 нысаны қалпына кел­тірілді. Сумен жабдықтау, кә­різ, жылумен жабдықтау құбыр­ла­ры, электр желілері мен тірек­те­рі, қуаттандыру стансалары жөн­делді. «ТКШ объектілерін жөндеу жә­­не реконструкциялау барлық об­лыс пен аудан орталығын қам­ты­ды, бұрын елде осы шаралар мұн­дай ауқымда жасалмаған. Жер­гілікті жолдарды қалпына кел­­­тіруге және қайта салуға баса мән берілді. Көптеген елді ме­кен­де осынша көлемде автожол жөн­деу алғаш рет жүргізілді. Біраз ауыл түрленді. Көгалдандыру, гүл­зарлар отырғызу, көше жол­дарын жөндеу, аумақтарды са­ни­тарлық тазалау, шағын сәу­леттік ны­сандарды жөндеу іске асы­рыл­ды. Жол картасы 2009-2010 жыл­дары алапат дағдарыс кезінде жұмыссыздарды жұмыспен және кіріспен қамтуда, ұзақ жыл қараң қалған әлеуметтік инфрақұры­лым­ды жаңартуда, азаматтарды жаңа мамандықтарға оқытуда оң рөл атқарды» деп еске түсіреді Еңбек министрлігі.  

Бұл карта қайда бағдар сілтейді?

Жаңа бағдарлама қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұ­мыссыздар армиясының күрт ар­туын болдырмауға, елді ме­кен­дер­дің әлеуметтік, инженерлік жә­не көліктік инфрақұрылымын жақ­сартуға бағытталған шаралар ке­шенінен тұрады. Жол картасына бұл жолы бюд­­жеттен тура 300 миллиард тең­ге бөлініп отыр. Зауыт-кәсі­по­­­­­рындар, компаниялар, ұйым­дар жұмыстан шығарған азамат­тар­ға мемлекет осы қаржыға қан­дай жұмыс ұсынбақ? Бірінші бағытта әлеуметтік-мә­дени нысандарды, нақтылай кет­­сек, білім беру, денсаулық сақ­­тау, әлеуметтік қамсыздандыру, мә­дениет, спорт, ойын-сауық жә­не демалыс объектілерін күрделі жә­не ағымдағы жөндеу, реконс­трук­циялау, жер сілкіну қаупі бар өңір­лерде ғимараттарды сейс­ми­ка­лық күшейту жұмыстары қа­рас­тырылған. Екінші бағытта тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық ны­сан­дарын – сумен, газбен, жылу­мен, электрмен жабдықтау және кәріз жүйелерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу көзделеді. Үшінші бағытта инженерлік-кө­лік инфрақұрылымына – ав­томобиль жолдарына, қала кө­ше­леріне, кентішілік және ауыліші­лік жолдарға, кірме жолдарға, бөгеттерге, көпірлерге күрделі, ор­таша және ағымдағы жөндеу, ре­конструкциялау жүргізіледі. Төртінші бағытта елді мекен­дер­ді абаттандыру – аулаларды жаңарту, сондай-ақ көшелерді, сая­бақтарды, скверлерді жарық­тан­дыру әрі көгалдандыру, иесі жоқ ғимараттарды бұзып, күре­сін­ге жіберу, шағын сәулет ны­сан­­дарын, қоршауларды, бала­лар­дың ойын және спорт алаң­қайларын жайластыру-жабдық­тау жоспарланған. Жергілікті әкімдіктер 300 млрд қаражат аясында қандай жо­балар жүзеге асырылатынын өз­дері анықтайды. Тек ол жоба­дағы 1 жұмыс орнын ашу құны 4 млн теңге шегінен асып кетпеуі ке­рек. Бұл ретте нысанның жөн­деуге арналған жобалық-смета­лық құжаттамасы және басқа құжаттарының болуы шарт. Жоба ауыл не қала үшін өзекті болуы жә­не тұрғындардың жағдайын жақ­сартуы қажет. Осы жұмысқа келіскендерге 85 мың теңгедей жалақы белгіле­не­ді. Үміткерлердің кемінде 50%-ы ха­лықты жұмыспен қамту ор­та­лық­тарының жолдамалары ар­қы­лы тартылады. Әрине, коронавирусқа байла­ныс­ты ұжымдық жұмыс «ыды­рап», адамдар бір-бірінен алшақ­та­тылып жатқан қазіргі төтенше жағ­дайда Жол картасын іске асыру күрделі. Сондықтан негізгі іс-қимыл жазға қарай басталатын бо­лар.
Алайда қазірдің өзінде қара жұмысты қомсынып отырғандар бар. Мысалы, Covid-19 пандемия­сы ең көп нұқсан келтірген сала­лар­дың бірі – турагенттіктер өкіл­дері ел Президенті Қ.Тоқаев­қа хат жазды. Онда бастамашыл топ туризм саласында жұмыс іс­тей­тін 80 мың адамның 90 пайызы – әйел екенін, олар ғимаратты бұзу, жол жөндеу, қазандықты рекон­с­трук­циялау секілді ауыр жұмыс­тар­ға бара алмайтынын айтады. Ше­телдік жылы да жайлы жаға­жай­лар мен салтанатты қона­қүй­лер­ді аралауға және кеңседе оты­рып оны клиенттеріне жар­на­ма­лауға бейімделген қызметкерлер үшін бұл қорқынышты түстей бол­са керек.
Сондықтан бастамашыл топ Жол картасына бөлінген мол қар­жының бір бөлігіне туристік ұйым­­дарды демеуді, мысалы, ту­­ро­ператорларға пайызсыз не­сие беруді, шетелге шыға алмай қал­ған 5,5 мың саяхатшы қаража­тын өтеуді сұрайды. Бірақ бүгін­гі­дей ауыр дағдарысты жағдайда бұл – негізсіз өтініш, оғаш қиғы­лық. Салаға жауапты Мәдениет жә­не спорт министрлігі жағ­дай­мен таныс: «Біз Сыртқы істер ми­нистрлігіне хатпен жүгіндік. СІМ әрі қарай құжатты қазақ­стан­дық туристер арасында та­ны­мал мемлекеттерге диплома­тия­лық арналармен бағыттауы керек. Құжатта отандық туроператор­лар­ға шетелдік серіктестерінің бар қаражатты ешқандай айыппұл салусыз қайтаруына жәрдемдесу туралы өтініш жазылған. Себебі халықаралық туристік нарықтағы жағдайға екі тарап та кінәлі емес. Бұл – форс-мажор», – дейді ми­нистр Ақтоты Райымқұлова. Жол картасының іске асы­рылуын Үкіметтің биылғы 11 нау­рыз­дағы өкімімен бекітілген Жедел ден қою штабы үйлестіреді, мо­ниторинг жүргізеді. 90-жыл­дар­дағы ауыр жағдайдың қай­та­ланбауы да осы істің үйлесімділігі мен ұтымдылығына тікелей бай­ла­нысты болмақ.  

Айхан ШӘРІП