Абаев: Коронавирус жұқтырған адамдар шетелге шықпаған және басқа науқастармен байланыста болмаған
Абаев: Коронавирус жұқтырған адамдар шетелге шықпаған және басқа науқастармен байланыста болмаған
© Сурет ғаламтордан
219
оқылды

Ақпарат министрі қазақстандықтардан үйде отыруын өтінді. Ол инфекция жұқтыру қаупі барлық жерде барын атап өтті.

«Бір түнде 40-тан астам жағдай – бұл өте ауыр көрсеткіш», – деп баса айтты Абаев.

«Қазір біз елде вирустың таралуы ең үлкен мөлшерде болатын нүктеге жеттік», деп қосты ол.

Ол Италияда 24 сағат ішінде 969 адам қайтыс болғанын атап өтті.

«Егер біреу осы вирустың қауіпті екендігіне күмәнданса, сіз үшін одан да салмақты дәлел келтіру өте қиын. Өздеріңіз білесіздер, біз өз азаматымызды коронавируспен күресте жоғалттық. Оның өлімі  бәрімізге сабақ болсын», – деді министр.

Дәурен Абаев адам белгілері жоқ вирустың тасымалдаушысы бола алатындығын еске салып, елдің барлық азаматтарына жүгінді.

«Сіз ондаған адамдар үшін инфекция көзі бола аласыз және көптеген үйлерге қайғы әкелесіз», – деді Абаев.

«Өкінішке орай, жұқтырғандардың арасында шетелге шықпағандар және науқастармен байланыста болмағандар көбейіп барады. Бұл инфекция жұқтыру қаупі кез келген жерде барын білдіреді: қонақта, лифтте, автобуста, кезекте тұрғанда», – деді Абаев.
Ол қазақстандықтардың жәйбарақат жүруі мен немқұрайлылығы аурухана төсектерінің жетіспеушілігінің басты себебі болуы мүмкін екенін атап өтті және бұған жол бермеу өте маңызды екенін ескертті.