Birgemiz қоғамдық қорына 9 миллиардтан астам теңге түсті
Birgemiz қоғамдық қорына 9 миллиардтан астам теңге түсті
© Сурет ғаламтордан
243
оқылды
Birgemiz қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сакеев 28 наурыз сағат 17.00-де қордың есеп-шотына 9 500 436 305 теңге түсекенін хабарлады. Оның айтуынша, қаржы аударушылар  «Корпорация „Казахмыс“» ЖШС мен  Есенов Ғ.Ш. асқарып отырған АТФ Банк және т.б. компаниялар. Жеке азаматтар да бар. «Біз қаржының барлығы ерікті түрде жиналатынын айтқымыз келеді. Мемлекеттік ұйымдардан қаражат алмаймыз. Қазіргі уақытта көмек алушыларды нақтылап жатырмыз. Бұл ретте ақшаның қайда жұмсалғанын ашық жариялауға ерекше көңіл бөлінеді», – дейді Руслан Сакеев. Еске сала кетейік, Елбасының тапсырмасымен бірінші болып Birgemiz қоғамдық қорына Тұңғыш Президент қоры Қазақстандағы коронавирус инфекциясымен күресу үшін 200 миллион теңге бөлді. Nur Otan партиясы 150 миллион теңге аударған болатын.