Ақтауда ерекше жағдай енгізіледі
Ақтауда ерекше жағдай енгізіледі
© Сурет ғаламтордан
254
оқылды
Ақтау қаласында 30 наурыздан бастап ерекше жағдай енгізіледі, - деп хабарлайды  "Лада" . Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық полиция департаментінің қызметкерлеріне карантин аймағын толық қоршауды қамтамасыз ету және Ақтау аумағына жаяу өту мүмкіндігінің алдын алу тапсырылған.
"Облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысымен Маңғыстау облысында 30 наурыздан бастап енгізілетін шектеу шараларын іске асыру мақсатында аймақтың Полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырылды: - енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу ұйымдастыру және азаматтардың қоғамдық орындарда болуына жол бермеу; - карантин аймағын толық қоршауды қамтамасыз ету, Ақтау аумағына жаяу жүру мүмкіндігінің жолын кесу; - карантиндегі адамдардың талаптарын бұзғаны үшін жаза енгізу; - қоғамдық аумақтарды патрульдеу, оларды жарықтандыру және бейнебақылаумен жабдықтау жөніндегі шараларды күшейту; - қажет болған жағдайда басқа құрылымдардың күшін қайта бөле отырып, полицияның барлық жеке құрамын жұмылдыру; - Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету және төтенше жағдай кезінде сот төрелігін іске асыру жөнінде алгоритм әзірлеу; - қауесет және арандатушылық ақпараттың жолын кесу бойынша жұмысты ерекше бақылауға алу. Арандатушылық ақпарат пен жалған мәліметтерді таратудың кез келген әрекеті қатаң түрде жолы кесіледі, авторлар анықталып, жазаланады", - деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. Бұдан басқа, 30 наурыздан бастап қоғамдық көлік қозғалысын шектеудің эпидемияға қарсы режимі - 19.00-ден 08.00-ге дейін бекітіледі. "Тұрғындардың пәтерден шығуын шектеу керек (тек ерекше қажеттілік бойынша - дүкендер, дәріханалар, қоқыс шығару және жұмысқа бару), көршілердің, туыстарының, әріптестерінің және т.б. сапарын шектеу керек. Азаматтардың қоғамдық орындарда: саябақтарда, скверлерде, балалар алаңы мен спорт алаңдарында болуын шектеу. Кездесу және шығарып салушы тұлғалардың темір жол, әуе және автовокзал ғимаратына кіруін шектеу", - делінген қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарламасында.
Еске салайық, бүгінгі таңда елімізде коронавирус жұқтырған 229 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтанда - 135 адам, Алматыда – 60 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам.