BIRGEMIZ: Қайырымдылыққа ешкімді мәжбүрлеп қаржы жинамайды
BIRGEMIZ: Қайырымдылыққа ешкімді мәжбүрлеп қаржы жинамайды
Фото: Интернеттен алынды
457
оқылды
«Біз біргемізакциясы аясында халыққа көрсетіліп жатқан көмек, жиналған қаржының есебі түгел жарияланады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтің әлсіз тобына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді. Оның ішінде, жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп жатыр. Jas Otan волонтерлері мен белсенді нұротандықтар халыққа карантинге қарамастан, көмек қолын созуда. https://www.youtube.com/watch?v=BZoIE2aJkJ0