АҚШ-та коронавирустан болжаммен 200 мың адам көз жұмуы мүмкін
АҚШ-та коронавирустан болжаммен 200 мың адам көз жұмуы мүмкін
© 24.kz
331
оқылды
АҚШ-та коронавирустан 100 мыңнан 200 мыңға дейін адам қайтыс болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Аллергиялық және инфекциялық аурулардың Ұлттық институтының болжамы осындай. Ғалымдар вирусты миллиондаған америкалық жұқтыруы ықтимал деп топшылап отыр. Ал Дональд Трамп 2 аптадан кейін індет шарықтау шегіне жетеді дейді. Айтуынша, елдегі ахуал тек маусымның басына қарай жақсаруы мүмкін. Жалпы соңғы мәлімет бойынша АҚШ-та коронавирусты 143 мыңнан аса адам жұқтырған. Солардың 2 мың 513-і көз жұмып, 4 мың 900-ға жуығы айыққан. – Негізі коронавирустан 2 миллион америкалық көз жұмуы мүмкін деген болжамдар айтылған. Алайда атқарылып жатқан жұмыстың арқасында болжам 100-200 мыңға дейін төмендеді. Бірақ мұның өзі де жантүршігерлік көрсеткіш, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.