Birgemiz қоғамдық қорына 11 миллиардтан астам теңге түсті
Birgemiz қоғамдық қорына 11 миллиардтан астам теңге түсті
© сурет интернеттен алынды
188
оқылды
30 наурыз 18.00-дегі жағдай бойынша Birgemiz қоғамдық қорының есеп-шотына 11 894 783 589 теңге түсті. Бүгін  «KazMinerals» ЖШС-ден 2 230 000 000 теңге, «RG Gold» ЖШС-ден 135 000 000 теңге, «Астана» президенттік кәсіптік спорт клубынан 328 000 теңге, «Барыс» хоккей клубынан 209 284 теңге, сондай-ақ жеке тұлғалардан 510 000 теңге түсті. Бұдан басқа, Алматы, Атырау облыстарында, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Birgemiz өңірлік қоғамдық қорлары құрылған. Маңғыстау облысында да бұндай қор құрылған. Еске сала кетейік, Елбасының тапсырмасымен бірінші болып Birgemiz қоғамдық қорына Тұңғыш Президент қоры Қазақстандағы коронавирус инфекциясымен күресу үшін 200 миллион теңге бөлді. Nur Otan партиясы 150 миллион теңге аударған болатын.