Тұрғындарға ет таратты
Тұрғындарға ет таратты
250
оқылды
Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бастау алған #BizBirgemiz рес­публикалық акциясы жалғасып жатыр. Коронавирус індетіне қарсы күресті күшейту, көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау мақсатында қолға алынған акцияға жанашыр азаматтар да атсалысып жатыр. Түркістан облысының кәсіпкері, «Ордабасы құс» ЖШС-нің директоры, бастауыш партия ұйымы­ның төрағасы Мұрат Тағаев акцияға айрықша үлес қосып, 2 800 келі күркетауық етін таратуға демеушілік көрсетті. – Мемлекет тарапынан қауіпті ін­­­детті таратпау, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін ауқымды жұ­мыс атқарылып жатыр. Деген­мен мұндай кезеңде әрбір азамат қол­дан келгенше елге көмектесуі ке­рек деп есептеймін. Біз бұл қиындықты бірлік пен тәр­тіп арқылы жеңеміз, – дейді Мұрат Тағаев. Іскер азамат күркетауық етінен әзір­ленген шұжық және өзге де өнім­дерді партиялық жобалар ая­сын­­да әлеуметтік тұрғыдан аз қам­тыл­ған тұрғындарға тарату үшін #BizBirgemiz акциясының үй­лес­тірушілеріне ұсынды. Жалпы, өнім­нің құны – 2 млн теңге. Пар­тия өкілдері мен волонтерлер,  жа­­­сотандықтар бұл етті аудан, қа­лаларда тізімге енген отбасыларға апа­рып береді. Түркістан облысы Ордабасы ау­даны Бадам ауылында орналас­қан «Ордабасы құс» ЖШС бүгінде Қа­зақстанның бірнеше өңірін құс еті­мен қамтып отыр. Өнім көлемі де ұлғайып келеді. Осы кәсіпорын­ды басқаратын Мұрат Тағаев бұған дейін де қайырымдылық ак­ция­ларына үлес қосып, демеушілігімен та­нылған. Меценат, Nur Otan пар­тия­сының мүшесі Мұрат Тағаевқа тұр­ғындардың да айтар ал­ғысы мол.  

Әбілмансұр ЖАСАН