Нью-Йоркте дәрі-дәрмек таусылып жатыр
Нью-Йоркте дәрі-дәрмек таусылып жатыр
382
оқылды
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы дәрі-дәрмек қоры бір аптаға ғана жетеді, – деп жазады 24.kz. Қала басшысының мәлімдеуінше, індеттің тез таралуынан дәрігер тапшылығы да сезілуде. Билл де Блазионың айтуынша, алдағы уақытта қалада, әсіресе, өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарының тапшылығы сезілуі мүмкін. Нью-Йорк АҚШ-тағы эпидемия ошағына айналып барады. Қаланың 32 мыңнан астам тұрғыны коронавирусқа шалдыққан. Жергілікті ауруханалар науқастарды қабылдап үлгермей жатыр. Тіпті қажетті ауруханалар кемеде ашылып, әскерилер дала госпитальдерін тұрғызып жатыр. Жедел жәрдем қызметінің жұмысы да қауырт. Науқастарды аурухана жеткізіп үлгере алмай жатыр.