Қауіпті «эстафетаны» қатаң шектеу тыяды
Қауіпті «эстафетаны» қатаң шектеу тыяды
205
оқылды
Көп адам далаға шығуды шектеудің мәнін жете түсінбей отыр. «Үйге сыймайды» деп баласын сыртқа ойнауға жібере са­латындар бар. Әке-шешесі мақұлдағасын көшеде арман­сыз сайрандаған балақайларды арнайы патруль өкілдері ұс­­тап алып, ата-аналарына ескерту жасап жатыр. Қайта қол­­ға түссе, айыппұл салынады. Бұдан бөлек, Нұр-Сұл­тан­ның өзінде көшеге себепсіз шыққаны үшін 164 ересек учас­кеге жеткізілді. 2020 жылғы 28 наурыз-6 сәуір аралығында елордада жә­­не Алматы қаласында аза­­мат­тар­дың өз баспа­на­сы­нан шы­ғуына шектеу енгі­зілді. Кә­ме­леттік жасқа толмаған­дар­­дың үл­кендерсіз далада жү­руіне тыйым салынды. Тұр­­­ғындарға азық-түлік, дә­рі-дәр­мек сатып алу мақ­са­тын­да ғана көшеде жүруіне жол беріледі. Оның өзін­де жа­қын жердегі дүкен мен дә­рі­ханаға баруыңыз ке­рек. «Сон­да арзан» деп қала­ның бас­қа шетіне аттануға бол­­­май­ды. Кассирден міндетті түр­­де чек талап еткеніңіз жөн: бұл көшеде бостекі жүр­ме­­­ге­ніңіздің дәлелі. Кейбір мекеме қызметкер­ле­рі­не жұмысына баруына жә­не кері қайтуына тоспа жоқ: «Қала ішінде жаяу не­ме­се кө­лігімен жүретін адам­дар­да рұқ­сат етіл­ген ұйымда жұ­мыс іс­тей­­тінін рас­тайтын құ­жаттары – жұмыс беру­ші­нің мөрі ба­сылған анық­тама, кө­лігі үшін баратын жері көр­­­­сетілген жол парағы болуы тиіс. Бұл құ­жаттарсыз адам мен көлік қоз­ғалысына рұқ­сат етіл­мейді», – дейді әкім­дік. Осының барлығы көшеде ха­лық­­­тың қалың нөпірі әрлі-берлі са­былмауы, азаматтар коро­на­ви­рус­ инфекциясын көзге көрінбес эстафетадай бір-біріне «табыс­та­мауы» үшін маңызды. Кейбір са­рап­шысымақтар адамның таза ауа­да серуендеуіне тыйым салуға бол­майды дейді. Бірақ лифт, сырт­қы есікті айтпағанның өзінде мы­салы, ауладағы ағаш орындыққа бойын­да дерті бар адам да жай­ғасуы мүмкін. Ол тұрып кеткесін ке­лесі отырған жан жұқпа ошағына жа­насады. «Қала көшелерін полиция қыз­меткерлері қадағалайды. Екі күн ішінде полиция басқармаларына 164 адам жеткізілді: 68 тәртіп бұ­зу­шыға қатысты әкімшілік хаттама тол­тырылды. Қалғанымен про­фи­лак­тикалық әңгіме жүргізілді. Өз қауіпсіздігіңіз үшін әрі коронави­рус инфекциясының таралуын азай­ту мақсатында үйде қалып, бар­лық қауіпсіздік шараларын сақ­тауыңызды сұраймыз. 30 нау­рыз­дан бастап 5 сәуірге дейін авто­бус­тар жүрмейді. Дәрігерлер, по­лиция қызметкерлері және қала­ның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ете­тіндерден басқасы апта бойы жұ­мыс істемейді», – деп үндеумен қайырылды елорда әкімдігі.  

Жалғыз жортқан жолаушы кім?

  Бас қала мен Алматы әкімдік­те­рі­нің штабтары жұмыс істеуге рұқ­сат етілген қызмет түрлерінің тізімін жариялады. Құжаттар ұқ­сас және келесі ұйымдардың есі­гін ашық етеді: біріншіден, бұл – ден­саулық сақтау жүйесінің ме­ке­ме­лері, яғни аурухана, дәріхана, зерт­­ханалық қызмет, ветеринарлық және мал шаруашылығының же­дел жәрдем қызметі, шұғыл сто­ма­тологиялық қызмет, медициналық тауар­лар таратушы ұйымдар. Екін­ші­ден, қалалық инфрақұры­лым мен коммуналдық қызметтер – электр, жылу, сумен жабдықтаушы ком­паниялар, ЖЭО-лар; өртке қар­сы және апаттық құтқару қыз­ме­ті; тұрғын үй қорын басқару са­­­­ласындағы қызметтер (электрик, сантехник, аула және үй-жай та­за­лаушылар, лифтке авариялық қыз­мет); көшелер мен ғимараттар ішін тазалаушы қызметтер; қоқыс жинау, өңдеу және жою; залал­сыз­дандыру-дезинфекция; жол қоз­ғалысын реттеу құралдарының қыз­метін қамтамасыз ететін ұйым­дар. Мұның сыртында бұқаралық ақ­­парат құралдары, теле­ком­му­ни­ка­ция және байланыс қызметтері, инватакси секілді мамандан­ды­рыл­ған көліктер, ресми тіркелген жә­не белгісі бар такси, пошта, ку­рьер қызметі өкілдерін де кө­шеде жүруге болады. Үшіншіден, қалаларда құры­лыс тоқтамайды: ешқайда шықпай жұ­мыс істеуге жағдай жасалған, жұ­мысшыларға арналған жабық жа­тақханасы бар құрылыс ком­па­ния­ларына осындай мүмкіндік бе­рілді. Төртіншіден, халық ашықпауы ке­рек, сондықтан азық-түлік пен ең қажетті тауарлар сататын сауда же­лілері, супермаркеттер, дүкен­дер мен базарлар жұмысын жалғас­ты­рады. Бесіншіден, бірқатар зауыт-цех өн­дірісі қызады, бұлар – азық-тү­лік өнімдеріне арналған орама-қап­тама жасайтын өңдеу өнер­кәсі­бі, тамақ және сусын өнеркәсібі, хим­реагенттер, дәрілер, меди­ци­на­лық құрал-саймандар шыға­ра­тын химиялық және медициналық кәсіпорындар. Алтыншыдан, тәртіп пен қауіп­­­сіз­дікті сақтау үшін күзет ұйым­да­рына, жетіншіден, кеселмен күре­су­шілердің көліктері қаңтарылып тұ­рып қалмауы үшін жанармай жә­не газ құю стансаларына, сегі­зін­­шіден, үйлерінде отырған жұрт­шы­лыққа азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар, сон­дай-ақ аса қажет тауарларды жет­кізетін сервистерге ары қарай қыз­­мет атқаруына мүмкіндік ұсы­ныл­ды. Қонақүйлер мен хостелдер есігін іштен құлыптап, жабық жағ­дайда жұмыс істеуге көшуі ке­рек. Олар персоналды оқшаулауға жә­не карантинге жабылған адам­дар­ды орналастыруға пайд­ала­ны­ла­ды. Қос қалада барлық банк бір ап­та­ға жабылады. Әйтсе де, олар­дың бас кеңселерінің қызметкер­лері жә­не инкассаторлар түскі 4-ке дейін қала көшесімен қозғала ала­ды. ТЖ режимінде мемлекеттік бас­­қаруды қамтамасыз ететін ме­мор­­гандар­дың кейбір қыз­мет­кер­ле­рі­не жұ­мысына баруына болады. Ол тізім­ге кім кіретінін бірінші бас­шылары анықтайды.    width= Егер қандай да бір компания бас­шысы өз ұйымының қызметі ха­лық пен қала тіршілігі үшін аса маңызды және оны тоқтатуға бол­май­ды деп санаса, соны негіздей оты­рып, direction1@astana.kz элек­т­ронды поштасына сұрау жолдауы, рұқсат алуы тиіс. Қазір қос қала көшелерінде пат­рульдер барлық көлікті кідіртіп, құ­жаттарын тексеруде. Билік шектеу талаптарын бұз­ған­дарға Әкімшілік құқық­бұзу­шы­лық кодексінің «төтенше жағдай ре­жимiн бұзу» 476-бабы бойынша 10 АЕК (26 510 теңге) айыппұл са­лы­на­тынын ескертеді. Ал «жұ­мыс ор­нынан анықтама» және басқа жал­ған құжат жасап, ұсталғандарға Қыл­мыстық кодекстің «жалған құ­жаттарды, мөртабандарды, мөр­лердi, бланкілерді, мемлекеттiк пош­та төлемі белгілерін, мемле­кет­тiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» 385-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бос­тан­дығын шектеу жазасы қарас­ты­рыл­ған.  

Үміт үзбе,  үйде отыр!

  Қазіргі кезде мемлекет үшін қо­­­­ғамның келісімі мен түсіністігі ке­­рек. Әйткенмен, жаһандық пан­де­­­­мияның байыбына бармаған қа­рапайым адамдар көңілтол­мас­тық білдіріп, Үкіметке шағым жазу­да. Соның бірі Марина Суво­рова фитнес клубының жабылып қал­ғанына және соған баруға тыйым салынғанына ашулы. Үйін­де іші пысыпты. «Неге карантин уақытында фит­нес залдарын жабады? Спорт де­ген денсаулық емес пе?! Спорт­пен айналысатын адамның им­му­ни­теті де жақсы. Біз шынығуды тоқ­­татқымыз келмейді. Фитнес ор­талығы коронавируске қарсы кү­рес үшін барлық қажеттімен жаб­дықталған: антисептиктер тұр, кір­генде клиенттің дене қызуы өл­шенеді. Едені әр 3 сағат сайын хлор­мен жуылады. Ішін үнемі жел­детіп тұрады. Билік осындай зал­дарға рұқсат берсін! Шымыр де­несін босаңсытқысы келмейтін біз се­кілді адамдар елде онсыз да көп емес», – дейді Марина. Ол бос уа­қы­тын спортқа арнағысы келетінін ай­тады. Әрине, үй жағдайында дене­шы­­нықтырумен айналысқан дұ­рыс, оған ешкім тыйым салмайды, қай­­­­та дәрігерлердің барлығы ка­ран­тин уақытында спортты серік ету­ге кеңес береді. Ал фитнес клуб­тар­дың эпидемия ошағына айна­лып кетпесіне кепіл жоқ. Өйткені оған келетін спортшылар арнайы жаттығу бағдарламасы бойынша бір тренажерден екіншісіне ауы­сып отырады. Олардың әрқай­сы­сы­ның соңынан жүгіріп жүріп, әр тре­нажерді залалсыздандырып отыру мүмкін емес. Кейде жаттығу құ­ралына кезек қалыптасады. Бір адам босатса, орнын екіншісі баса қоя­ды. Бұл жағдайда вирус жұқ­па­сына еш кепіл жоқ. Жергілікті Хореографтар ода­ғы­ның өкілі Александр Пащен­ко­ның өтініші де осыған ұқсас келеді. «Би студиям бар. Қазақстанда ТЖ мен карантин енгізілгесін би үй­рету клубтары тегіс қызметін тоқ­татты. Бізге жұмысымызды жал­ғастыруға рұқсат етуді сұрай­мыз. Барлық жаттықтырушы үшін осы студиялар – нәпақа табудың жал­ғыз көзі. Топта бір уақытта ең көп дегенде 15 бала ғана айналы­са­ды. Мұны бұқара көп жиналатын орын деуге келмейді. Қажет десе, шәкірттерімнің ата-анасы балалар жатт­ығуға өз қалауымен қатысады деп сенімхат жасап бере алады», – дейді ол. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова осындай сауал­­­дарға жауабында тіпті бірер адам келсе де, тренажер залдары, студиялар және басқасының қыз­мет етуіне рұқсат ете алмайтынын тү­сіндірді. Бұл тыйым ТЖ енгізу ту­ралы Президент Жарлығына сәйкес Премьер-Министр кеңсе­сі­мен бірге әзірленген нұсқаулықта бекітіліпті. Айтпақшы, осы шектеу кейбір адам­дарды мазалаған мәселесін де ше­шіп берген. Ксения Ищенконың жол­­­дасы Алатау бөктеріндегі әсем қа­лада, «Әл-Фараби, 36» мекен­жайын­дағы бизнес орталықта орын тепкен шетелдік компанияда жұ­мыс істейді. «Алматыда карантин енгізіл­гені­не қарамастан жұмыс беруші қыз­­меткерлеріне үйінде, қа­шық­тан қызмет етуге мүмкіндік бер­меді. Оны қажетті деп таппады. Ғи­марат әкімшілігі вирус тарал­мауы үшін желдету жүйесін ағытып тас­тады. Ал бизнес орталық тере­зе­­лері кейбір қабаттарда ғана ашы­­ла­ды. Соның кесірінен кеңселерде жұ­­мыс күні соңына қарай оттегі тау­­сылады, қапырық орнап, ми ги­­поксиясы басталады», – дейді қа­ла тұрғыны. Кеңсе қыз­мет­кер­лерінің осы азабы шектеу енгі­зіл­генде аяқталған көрінеді: қос ме­га­полистегі барлық дерлік бизнес орталықтары жабылды. Әрине, шектеу қиындықтар да әкел­ді. Әсіресе, кәсіпкерлер про­б­­­ле­маға жолықты: «Мемлекеттік са­тып алу порталы арқылы бұдан бұ­­рын бекітілген келісімдерім бар. Оны орындау үшін көлікпен кө­ше­де көп жүруім, кеңселерге баруым ке­рек, бірақ ондай мүмкіндігім жоқ. Тапсырыс берушілер шартты уа­қытылы орындамағаным үшін өсім­пұл есептеп жатыр. Мына жағ­дайда міндеттемені қалай орын­дай­сың?» – деп жабығады нұр-сұл­­­тандық бизнесмен Ерден Борам­баев. Осы орайда «Атамекен» ҰКП ТЖ, карантин форс-мажор бо­лып есептелетініне, демек, мін­дет­те­ме­нің орындалмауға негіз бо­ла­ты­ны­на назар аудартады. Ақпарат құралдары мен әлеу­мет­тік желіде «Қазақстанның ірі қа­лаларында коменданттық сағат ен­гізіледі» деген хабар тарады. Елор­­да әкімдігі бұл хабарды «фейк» деп атады. Қалайша? Бү­гін­де әлем­нің біраз елі «коменданттық сағат» (КС) тетігін іске қосты. Мысалы, 3 аптаға КС енгізген Сауд Арабия­сын­да оны бұзғандарға 2,6 мың дол­лар айыппұл салынады. Ко­мен­данттық сағат Албания, Сер­бия, Шри-Ланка, Мавритания, Ту­нис, Кот-д'Ивуар, Сенегал, Эк­­­вадор, Мысыр, Кувейт, Иор­да­ния, Ирак, Франция қалаларында, қыр­ғыздың Бішкегінде енгізілді. Олар­да азаматтарға таңнан кешке дейін ғана көшеге шығуға рұқсат. Одан кейін көшелер жаппай босап қалуы тиіс. Ал Қазақстан болса, далаға шы­ғуға тәулік бойғы шектеу тетігін қолданып отыр. Бұл – Үндістанда, Гре­­­кияда, АҚШ-тың көптеген шта­тында қарастырылған тәжі­ри­бе. Мысалы, Калифорния, Нью-Йорк, Делавэр, Иллинойс, Кон­нек­тикут, Луизиана, Нью-Джерси, Огайо, Техас және басқа штаттарда тұр­ғындарға қажеттіліксіз үйді тас­тап шығуға тыйым салынды. Та­лап­тың сақталуын армия қадаға­лайды. Ендеше, «Қазақстандағы ко­мен­­­­­данттық сағат» туралы сөз шын­­­дыққа жанаспайды.  

 width=    Айхан ШӘРІП