Иммунитеті әлсіреген тағы 2 медбике коронавирусқа шалдықты
Иммунитеті әлсіреген тағы 2 медбике коронавирусқа шалдықты
Фото: Интернеттен алынды
214
оқылды
Қазақстанда екі медбике науқастардан коронавирус инфекциясына шалдықты, – деп хабарлады жедел штаб Telegram арнасында. Мамандардың айтуынша, дәрігерлердің инфекцияға иммунитеті төмен болған соң шалдыққаны белгілі болып отыр. Біз бұған дейін Атырауда медбикенің коронавирусқа шалдыққанын жазған болатынбыз. Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша тағы 17 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 9 адам, Қызылорда облысында – 3 адам, Атырау облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында –1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам. Жалпы, 325 адам тіркелді.