Қызылорда қаласында екі адам тіркелді
Қызылорда қаласында екі адам тіркелді
5,199
оқылды
Қызылорда қаласында корона­вирус жұқтырған екінші адам тір­келді. Ол Оң­түс­тік Кореядан ұшып кел­ген. Денсаулығына қа­тыс­ты шағымы болғандықтан облыстық жұқпалы ауру­лар ауруханасына жатқы­зылды. Науқас 1 наурыз күні Сеул – Алматы транзитімен Оңтүстік Корея мемлекетінен ұшып келген екен. Коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елден келуіне бай­ланысты 14 күндік карантиндік стационарда бақылауда болып, кейін қанағаттанарлық жағдайда болған соң шығарылды. Бүгінде науқастың жағдайы тұрақты. Емі бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Науқас 1955 жылы туған. Бұдан соң облыстағы коронавирусты жұқтырған екінші жағдай  – 1997 жылы туған Қызылорда қаласының «Ақ­мешіт» шағынау­дан тұрғыны. Ол  «Се­нім» емханасының медбикесі болып жұмыс істейді. Медбике анықталған науқасқа ем-ша­ра жасалып, бақылағандығын ескеру керек. Науқастың қазіргі жағдайы қана­ғаттанарлық, ыстығы жоқ, тыныс алу жолдары қалыпты, жөтел­мейді. Байланысқа түскен азаматтың туыс­тарын білу үшін санэпидемия маманы Әлия Әбдіқайымоваға жолығып сұраған едік. Әлия Әбдіқайымова: «Иә, бүгінгі күні зертхана жолымен нақтыланғанына байла­нысты ошақта жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпи­демиолог мамандар осы уақытқа дейін отызға жуық адаммен қарым-қатынасын анық­тады. Енді оларды іріктеп, оның қай­сысы жа­қын қатынаста, ал қайсысы потен­циалдық қаты­наста екенін анықтап, әрі қарай жақын қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы карантиндік стационарларға жөнелтіледі. Ал потенциалдық қатынаста болған адамдар үй жағдайында 14 күнге медициналық бақылауға алынды. Сонымен қатар дерттің алдын алу мақ­сатында қоры­тынды залалсыздандыру жұ­мысы жүргізіліп жатыр. Қарым-қатынас ошағы анықталып, залалсыздандырып жа­тыр», – дейді. «Аймақта қанша адам каран­тиндік бақылауда жатыр?» деген сұрағымызға бүгінгі күнгі мәліметке сүйенсек, 111 адам карантинде медициналық бақылауда, оның ішінде 87-і үй жағдайында оқшауланса, 24-і стационарда карантинге, медициналық ба­қылауға алынған деген жауап берді. Ал облыс көлемінде жалпы инфекциялық қосымша төсек саны 190 болса, облыс орталығында қосымша төсек инфек­циялық 60 орын, провизорлық стационарда 400 төсек-орындық, жаңа стационар ашылып отыр. Сонымен қатар барлық ауданда қосымша карантиндік стационарға 50 төсек-орын дайын. Облыста адамдар көп шо­ғырланатын сауда орындары, әуежай, теміржол вокзал­дарында дезинфекция жүріп жатыр.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы