Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзған 86 адам қамауға алынды
Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзған 86 адам қамауға алынды
© сурет интернеттен алынды
174
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов карантин тәртібін бұзған 86 адам қамауға алынғанын айтты. Оның айтуынша, карантин режимінің күшейтілуіне қарамастан кейбір азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, көшеде жүрген. 28-31 наурыз аралығында полицияға 307 жеткізіліпті.
"3 күннің ішінде полицияға 307 адам жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды. 2 мыңнан астам профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 22 наурыздан бастап, яғни карантин режимі басталғалы бері төтенше режимін бұзған 369 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 86-сы қамауға алынды, 202 адамға айыппұл салынды, 64 адамға ескерту жасалды. 17 іс сотта қаралды", - деді ол "Хабар 24" телеарнасында өткен онлайн-брифингте.
Сондай-ақ, ол қаладағы бақылау-өткізу бекеттерінде заң бұзу фактілері тіркелгенін атап өтті.
"98 адам жазаға тартылды. Оның ішінде 80 адамға қамауға алынды. 14 адамға айыппұл салынды. 4 іс сот қарауында жатыр", - деді Ержан Сәденов.
Департамент басшысының айтуынша, карантин режимін бұзған 116 кәсіпкер де жазаға тартылыпты.
"Оның ішінде бесеуі қамауға алынды, 102 адамға айыппұл салынды. 9 іс сот қарауында жатыр", - деді ол.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 325-ке жетті.