Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 8 адам бір отбасының мүшелері болып шықты
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 8 адам бір отбасының мүшелері болып шықты
270
оқылды
Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 кісінің бір үйдің адамдары екені анықталып отыр, - деп мәлімдеді «Хабар 24» арнасында тікелей эфирде сөйлеген Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов. «Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні қосымша тіркелген фактілер Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да - алдында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, оқшауланып, карантинде болған азаматтар. Осы азаматтардан сынама алынған еді», - деді ол. Басқарма басшысының айтуынша, коронавирус жұқтырған 8 азамат – бір отбасының мүшелері. «Олар - 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде үшеуі - 14 жасқа дейінгі балалар», - деді ол. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 336 адам коронавирус жұқтырған.