Коронавирустан қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді - қаулы
Коронавирустан қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді - қаулы
© сурет интернеттен алынды
295
оқылды
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус індетінен қаза тапқандарды жерлеу алгоритмі айқындалған қаулы шығарды. Аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі. СОVID-19 диагнозы зертханалық расталған жағдайда қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді. Ал COVID-19-ға күдікті қайтыс болғанда мәйіт зертханалық зерттеу нәтижесі шыққанша туыстарына берілмейді. COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге (жууға) дайындау алдында қайтыс болған адамның бетіне вирулицидті құралға молынан суланған масканы (сулықты) қою қажет. Табытсыз (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) көмген кезде COVID-19-дан қайтыс болған науқастың мәйітін жуу прозектурада жүргізіледі. Мәйітті жууға тартылған адамдар (3 адамнан артық емес) жеке қорғаныш құралдарын киеді (алжапқышы бар су өткізбейтін халат, көзілдірік, маска, қолғап), дезинфекциялау ерітіндісімен жуады және пайдаланылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес концентрациядағы тиісті вирулицидті дезинфекциялау ерітіндісі сіңдірілетін матаға (кебін) орайды. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, тығыз матаға оралады. Жерлеу кезінде ақыретті ашуға және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады. Туыстарымен қоштасу жерлеу іс-шарасын (жаназа, «отпевание» және т.б.) жүргізу үшін мәйітті кемінде 3 метр қашықтықта беруге рұқсат етіледі, бұл ретте мәйіт марқұммен қоштасу орнында 1 сағаттан артық болмауы тиіс. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкердің қатысуы тиіс. Табытпен көмген кезде қайтыс болған адамның мәйіті пайдаланылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес концентрациядағы тиісті вирулицидті дезинфекциялау ерітіндісі сіңдірілген матаға оралады. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, қайтадан тығыз матаға оралады. COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйіті жерлейтін жерге металл немесе тығыз жабылған ағаш табытта тасымалданады. Жерлеу рәсімі кезінде дене жабық болуы керек, табыт та қақпағымен жабылуы керек. Жерлеу рәсіміне тек жақын туыстары ғана жіберіледі.