Коронавирусты жұқтырғанын жасырған 4 адамның үстінен іс қозғалды - министр
Коронавирусты жұқтырғанын жасырған 4 адамның үстінен іс қозғалды - министр
© сурет интернеттен алынды
197
оқылды
Коронавирус жұқтырып немесе науқаспен байланыста болғанын жасырғандарға қатысты төрт іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, елде ақылға қонбайтын жалған ақпарат таратушылар да көбейген.
«Жекелеген азаматтар сырқат туралы жалған ақпарат таратуларын доғармай жатыр. Фейк-хабар таратқандар нақты медициналық ұйымды, елдімекенді атап көрсетіп, вирус жұқтырғандардың, қайтыс болғандар санын жазып, болмаған ақпаратты «болды» деп жазуда. Мысалы, 25 наурызда Көкшетауда әлеуметтік желіде Солтүстік Кореядан келген азамат коронавирус жұқтырып, Ақмола облысы ауруханасына түсті деп хабар таратқан бір топ азамат ұсталды», - деді бұл жайында Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев онлайн-брифингте.
Министрдің мәліметінше, 29 наурызда Атырауда инфекцияның таралуы жайында жалған ақпарат таратқан үш оқиға тіркелген. Бүгінге дейін ел бойынша мұндай 40 жағдай тергеліпті.