Елімізде күнкөріс деңгейі өсті
Елімізде күнкөріс деңгейі өсті
Фото: Интернеттен алынды
344
оқылды
Бір жылда Қазақстанда күнкөріс деңгейі 11,6 пайызға өсіп, 30 мың теңгеге жетті, – деп жазады Finprom.kz сарапшыларының дерегіне сүйенген Tengrinews.kz. Дереккөздің жазуынша, ең төменгі күнкөріс деңгейі 26,9 мың теңге болған. «Қаңтарда тауар мен қызмет түрлерінің бағасы 5,6 процентке өсті. Азық-түлік тауарлары 9,2 процентке қымбаттаса, қызмет түрлері 1,4 процентке қымбаттады. Ең жоғарғы күнкөріс деңгейі – 35, 4 мың теңге. Ол Маңғыстау облысында.    width= Бұдан бөлек, үштікке Нұр-Сұлтан (33,5 мың теңге) мен Алматы (33,1 мың теңге) қалалары кірді», – дейді сарапшылар. Олардың айтуынша, бұл тізімде Алматы мен Түркістан облысы бар: 30,7 мың теңге және 30,3 мың теңге. Ал Павлодар (26,3 мың теңге), Батыс Қазақстан (26,9 мың теңге) және Ақтөбе (27,2 мың теңге) облыстары күнкөріс деңгейі ең төмен облыстар болып отыр.