Түркістан облысынан алғаш болып короновирус індетін жұқтырған азамат тіркелді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары С. Қалқаманов өзінің фейсбук әлеуметтік желі парақшасында ол туралы мәліметті былай таратты.
"Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Ауруханаға 30 наурыз күні қаралған.
Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағанды қаласына тоқтаған. 6 сағат вокзалда отырған ол, ары қарай Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезға 22 наурыз күні сағат 6.00-де отырып, 23 наурыз күні Шымкент қаласынан түскен. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары" деп хабарлады ол.