Партия тұрғындар құқығының қорғалуын қадағалайды
Партия тұрғындар құқығының қорғалуын қадағалайды
5,282
оқылды
Жуырда Instagram әлеуметтік желісінде «Сайрам ауданы Таскешу ауылындағы №50 Н.Тілендиев атындағы жоғарғы орта мектеп ұстаздарын медициналық бетперде тігуге міндеттеп жатыр» деген шағым түсті. Мәселенің ақ-қарасын анықтау мақсатында партияның Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадыров №50 Н.Тілендиев атындағы жоғарғы орта мектептің директорымен, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасарымен және 7 мұғаліммен жеке-жеке кездесті. Нәтижесінде, мектеп ұжы­мының әлеуметтік аз қам­­тылған отбасы мү­ше­ле­рін тегін бетпердемен қамту жұ­мысына ерікті түрде өз үлес­терін қосуға ниет біл­дір­гені анықталды. Бетперде тігу­ге қажетті мата және жіп аудандық білім бөлімі тара­пы­нан тегін берілген екен. Со­нымен қатар үйінде тігін ма­шинасы жоқтарға мек­теп­­тегі 8 тігін машинасы үлес­­­­тірілген. Мән-жайды нақтылау ба­рысында әлеуметтік желі­ге шағымданған азамат мұ­ға­лімнің ұлы екені, оның бұл өтінішті түсінбеушілік сал­дарынан жазғаны анық­тал­ды. Өз кезегінде мектеп мұ­ғалімі елдегі төтенше жағ­дайға байланысты халыққа кө­мек ретінде өз еркімен мас­­­ка тіккенін, қажетті ма­териалдардың білім бөлімі тара­пынан берілгенін, өзі тарапынан ешқандай қаржы шығыны болмағанын жет­кізді. Сондай-ақ қазақ­стан­дық шағым кітабы сайтында Ай­нұр Сайрам есімді аза­мат­шаның да шағымы тір­келген. Шағымда «Сайрам ауданы бойынша мұғалім­дер­­дің әрқайсысына бір күн­­де 600 бетперде тігу не­ме­­се 15 000 теңгеден төлеу мін­­деттеліп отыр» деп көр­се­­­тілген. Осы мәселе бойын­­ша Nur Otan пар­тия­сы Түр­кі­стан облыстық филиалы қыз­меткерлері мен Пар­тия­лық бақылау ко­миссиясы өкіл­дері Сай­рам ауданына мән­-жайды анық­тау үшін ар­­найы барды. Он­дағы бет­перде тігіп жат­қан мұға­лім­дер­мен, ерік­ті­лер­мен жеке-же­ке диалог құрыл­ды. Жалпы, зерделеу бары­сын­­да анықталғаны, Сай­рам ауданының тұрғында­рын COVID-19 панде­мия­сы­­нан қорғау мақсатында те­­гін бетпердемен (меди­ци­налық маска) қамту бойын­ша аудандық білім бөлімі мен бөлімге қарасты мектеп ұжымдары өз үлестерін қо­су­ды жөн көрген. Аудан әкім­­дігі тарапынан бетперде тігу­ге қажетті материалдар те­­гін берілген. Сайрам ау­дан­­­­дық білім бөліміне қа­рас­­­ты 74 мектептің 45-інде 200 тігін машинасы бар. Осы тігін машиналарын пай­­­­­­­­­далана отырып мектеп­тер­дегі еңбек пәнінің мұ­ға­лімдері мен ата-аналардан құ­ралған 300-ге жуық ерікті бет­перде тігуде. 2020 жыл­дың 26-27 наурыз күндері ерік­тілер тарапынан 10 700 бет­перде тігіліп, аудан тұр­ғындарына тегін таратылып жа­тыр. Еріктілермен сұх­баттасу кезінде мектептерге, мұға­лімдерге бетперде тігу және тікпеген жағдайда 15 000 теңге ақша жинауға мін­дет­теу фактілері болмағаны бел­­гілі болды. Бүгінде коронавирус ін­де­тінен елді сақтандыру үшін атқарушы билік тара­пы да, өкілетті органдар да, ерік­тілер де үлкен қолдау көр­­сетуде. Қиын-қыстау ке­зеңде жұдырықтай жұ­мы­лу ажырамас бірлігімізді көрсетеді. Бірақ әр бастама мәжбүрлеусіз әрі тұрғын­дар­дың жүрек қалауымен жү­зеге асуы тиіс. Партия фи­лиалы мұның барлығын өз қадағалауына алып отыр.  

Абылайхан ЖҰМАШ