Ұстаздар 90 мың бетперде таратты
Ұстаздар 90 мың бетперде таратты
301
оқылды
Аталарымыз «қайырымдылық жасаудың сауабы мол» деген. Түркі әлемі рухани орталығы санайтын Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде қайырымды іс жасауға асығатындардың қатары күн санап артып келеді. Айталық, өңірдегі ұстаздар 91 878 медициналық бетперде тікті. Бетперделер өңіріміздегі ауыл, қала тұрғындарына, әлеумет­тік тұрғыдан аз қамтылған отба­сы­лар­ға, дәріханаларға және мек­теп қыз­меткерлері мен оқушыларға тегін таратылды. Қайырымды жандардың ісін тарқатып айтар болсақ, күні кеше Кентау қаласында 20 мыңға жуық, ал Ордабасы ауданында 60 мыңнан астам бетпердені жергілікті тұр­ғындар, кітапханашылар мен ерік­тілер тігіп, тегін таратқан еді. Сон­дай-ақ ордабасылықтар жаңа­дан қолға алынған қорда 31 мың­нан астам бетперде бар екенін де жария­лаған еді. Мұнан өзге, Орда­басы ауданы бойынша әлеуметтік тұр­ғыдан аз қамтылған 105 отбасыға бір айға жететін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры таратылды. Жалпы, облыс көлемінде 1 980 оқытушы игі іске өз еркімен қа­тысқан. Соның бірі – Кентау қала­сындағы Б.Момышұлы атын­дағы жалпы орта мектептің инфор­матика пәнінің мұғалімі Айгүл Арыс­танбекова. Ол қоғамға қауіп­ті індеттің таралуы кезінде дәріха­наларда бетперделердің жетіспеу­шілігі алаңдатқанын және сол үшін бетперде тігу ісіне белсене атса­лыс­қанын айтты.    width= «Осындай қиын шақта біз бірі­гуі­міз керек. Өзімізді ғана ойламай, жақындарымызды, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға да қам­қорлық танытқанымыз дұрыс. Осы ретте бетперденің жетіспеушілігін білген соң, ұжыммен ақылдасып, бетперде тігуді қолға алдық. Ел ба­сына күн туған кезде қол қусы­рып отырмай, тығырықтан шығудың жолын ойластырып, оны іске асыру әрбір жанның азаматтық борышы деп білеміз», – деді Айгүл Арыстанбекова. Еріктілер қазіргі жағдайды бас­қа түскен қиындықты ел бо­лып еңсеретін, жұдырықтай жұмы­ла әрекет етуді қажет ететін уақыт­ша дүрбелең екенін айтып, жұртты игі іс жа­сауға шақырды. Өйткені қауіпті ін­дет­тің өршуіне байла­нысты меди­циналық бетперде­лерге деген сұраныстың артқаны белгілі. Аталған білім ордасының қыз­меткерлері 22-30 наурыз аралы­ғында өз еріктерімен кезекшілікке түсіп, бір күнде шамамен 2-2,5 мың дана бетперде дайындаған. Мұндай ерікті ұстаздардың игі бастамасын естіген қала тұрғындары да өз үй­лерінде бетперде тігіп, мыңға тарта бетпердені ортақ қорға қосқан.  

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы