Түркия президенті 7 айлық жалақысын коронавируспен күрес қорына аударды
Түркия президенті 7 айлық жалақысын коронавируспен күрес қорына аударды
Фото: Интернеттен алынды
345
оқылды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Біз бізге жетеміз Түркия» деген ұранмен ұлттық ынтымақтастық науқанын бастады, – деп хабарлайды TRT. Дереккөздің жазуынша, Ердоған халыққа үндеу жолдады. Бүкіл әлемге ықпал еткен жаңа тип коронавирус (Covid-19) эпидемиясы алдында қабылданған шаралар себепті төмен табысты азаматтарға қосымша қолдау көрсету мақсатты «Біз бізге жетеміз Түркия» ұранымен ұлттық ынтымақтастық науқаны бастағандарын жариялаған Ердоған «Мен науқанды 7 айлық жалақымды беру арқылы ашамын» деді. Кабинет жиналысы кезінде министрлердің де науқанды қолдағанын атап көрсеткен президент Ердоған ең үлкен қолдауды іскерлер мен қамқоршылардан күткендерін білдірді. Ердоған «Ауыл басшыларымызды да іске қоса отырып, біз жиналған ақшаның мұқтаждарға жеткізілуін қамтамасыз етеміз» деді. «Ешбір вирус біздің бірлік, ынтымақ, бауырластығымыздан мықты емес» деген Ердоған Түркияның денсаулық инфрақұрылымы, қызметкер, дәрі-дәрмек пен материал, реанимациялық төсек жағдайы тұрғысынан басқа елдермен салыстырғанда жақсы екенін айтты. «Эпидемияның алғашқы күннен бастап, Ғылыми кеңесіміздің ұсыныстары бойынша денсаулық шаралары толығымен іске асырылады» деген Ердоған «Еліміз қажетті барлық азық-түлік материалдарын өзі өндіргендіктен әрі қорларымыз, әрі жеткізілім жұмыстарымыз қажеттілігімізді қамтамасыз ететін деңгейде» деп мәлімдеді. Қабылданған шаралардың мемлекет пен халықтың қасында екенін көрсеткенін атап айтқан Ердоған «Ешбір ауру жарқын болашағымызға кедергі бола алмайды. Өйткені біз – Түркиямыз» деді.