Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған науқастың кім екені айтылды
Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған науқастың кім екені айтылды
Фото: Интернеттен алынды
282
оқылды
«Хабар24» телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте Қарағандыда қайтыс болған жағдай туралы айтылды. Дәрігерлер Қарағандыда науқастың коронавирусқа шалдыққанын ол қайтыс болған соң анықтаған. Науқас дерті меңдесе де, өзін-өзі емдеп, ауруханаға бармаған.  «Бүгін таңертең Қарағанды қаласында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған бір жағдай тіркелді. 30 наурызда Қарағанды қаласының ауруханаларының біріне 62 жастағы ер адам жатқызылды. Сол кезде екіжақты пневмония, тыныс алу қиындағаны анықталды. Жағдайы ауыр болды. Реанимациялық боксқа жатқызылды», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі. Қайтыс болған азамат нотариус болып жұмыс істеген. 62 жастағы ер адамды ауруханаға жатқызған кезде одан екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі диагнозы анықталған. Науқастың жағдайы ауыр болған. Науқаспен байланыста болғандардың барлығы оқшауланды. Облыста коронавирус анықталған қалған 13 адам тұрақты бақылауда. Екі науқас осы аптада емделіп шығады деп күтілуде. Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды.