Нұротандықтар 20 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмектесті
Нұротандықтар 20 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмектесті
5,161
оқылды
Елбасы тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы аясында соңғы 2 апта көлемінде еліміздің барлық аймақтарында Jas Otan және Nur Otan партиясының волонтерлары 20 мыңнан астам мұқтаж отбасыны, сондай-ақ жалғыз басты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды сақтану шараларын ұстана отырып, байланыссыз жолмен бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етті. ⠀ Осының барлығы волонтерлардың көмегімен іске асырылды. ⠀ "Волонтерлар – біздің заманымыздың бүгінгі қаһармандары! Барша волонтерларға жасаған жұмыстары үшін үлкен алғысымды білдіремін! Сіздермен еліміздің жарқын болашағына сенімдіміз! Жағдайдың күрделенуін ескере отырып, Jas Otan осы жұмысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Халқымыздың және еріктілердің денсаулығына қауіп төндірмес үшін барлық ұйымдарды, біздің ұйымның үлгісінде шешім қабылдауға шақырамыз. Тағы да баршаңызға осы күндерде бізбен бірге болғандарыңызға алғыс айтамыз. Біз біргеміз!", - деп жазды Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев. ⠀