Президент коронавирусқа қарсы дұрыс шешім қабылдады – Төлеутай Рахымбеков
Президент коронавирусқа қарсы дұрыс шешім қабылдады – Төлеутай Рахымбеков
©fromua.news
268
оқылды
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков Президент үндеуіндегі ауыл-шаруашылығы мәселесіне үн қатты: – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін мұқият тыңдадым және аграрлық сала қызметкері ретінде оны дер кезінде жасалды деп есептеймін. Себебі, халқымыздың «Көктемнің бір күні – жылға азық» деген даналық сөзі бар. Мемлекет басшысы осыны ескеріп, ауыл шаруашылығы саласында дәл қазір уақыт оздырмай атқарылуы тиіс шараларды атады. Қазір коронавирус келді екен деп қол қусырып қарап отыруға болмайды. Себебі, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін ешқашан естен шығармаған жөн. Сондықтан, Президенттің биылғы көктемгі егіс науқанына «Қарапайым заттар экономикасы»  бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсыруы қуантады. Демеудің бірінші кезекте шағын және орта шаруа қожалықтарына көрсетілетіндігі де маңызды болып тұр. Бюджеттен шаруаларға «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 70 миллиард теңге бөлінеді. Несие өсімі 5%-тен аспайды. Сонымен қатар, Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылады. Бұл да – аса өзекті мәселе, шаруаларымызға жасалған үлкен қолдау. Тіпті, мемлекет басшысы Үкімет пен Бас прокуратураға осы жеңілдікпен берілетін дизель отынының шаруаларға жырымдалмай толығымен жетуін бақылауды тапсырды. Көктемгі егіс науқаны Үкімет пен әкімдіктердің ерекше бақылауында болуы тиістігін нығарлады. Аталған шаралар ел экономикасын әлсіретіп алмау үшін қажет. Індеттің залалын азайтады. Президенттің көктемгі дала жұмыстарын жеке бақылауына алуы – сөз жоқ ауылдықтар үшін жақсы нышан деп білемін!