Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қашаннан бастап артатыны белгілі болды
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қашаннан бастап артатыны белгілі болды
201
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері сәуірден бастап 5% артатынын айтты. "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 10%-ға ұлғаяды. Жыл басында бұл төлемдер 5% өскен болатын. Енді тағы осындай мөлшерде арттырылады", - деді министр тілші сауалына. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы кеше Қазақстан халқына арналған үндеуінде Үкіметке инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырды.