Тепловизор жамбылдық 3 науқастың температурасын анықтай алмаған
Тепловизор жамбылдық 3 науқастың температурасын анықтай алмаған
240
оқылды
Жамбыл облысының  әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік  жедел штабтың кезекті отырысын өткізіп, бірқатар сала мамандарының жұмысын сүзгіден өткізді. Атап айтсақ, коронавирус індеті дендеп тұрған сәтте Қордай ауданының бір тұрғыны тексеруден өтуден бас тартқан. Сала мамандарының жіті түсіндіруінен кейін ғана барып, тұрғын қажетті талдауларды тапсырған. Абырой болғанда талдау нәтижесі теріс болып шыққан.  Осыған қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов тәртіп сақшыларының осындай жағдайда көмек қолын созуын сұранды. Ал облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов 25 блок бекеттің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша қаржы бөлуді өтінді. Ол қаржы тепловизор алу, бетон блоктар және жол белгілерін орнату мен жарықтандыру үшін қажет. Алайда тепловизорлар ауруды дәл анықтауға қабілетсіз екені басқосуда айтылды. Оған дәлел, аталған  құрылғылар коронавирусты жұқтырған 3 жамбылдықтың температурасының жоғарылауын көрсете алмаған. Сондықтан да сәуір айының басынан бастап науқасқа дәл диагноз қоя алатын қытайлық шұғыл-тесттер қолданылмақ.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы