Коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт төмендеуі мүмкін
Коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт төмендеуі мүмкін
© Tengrinews.kz
265
оқылды
Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев егер тұрғындар карантин ережесін сақтайтын болса, екі аптадан кейін қалада коронавирус жұқтыру деңгейі күрт төмендейді деп есептейді.
"Азаматтар, отбасылар мен ұжым арасындағы қарым-қатынасты барынша шектеу коронавирустық инфекцияның төмендеуіне ықпал етеді. Егер өзін-өзі бақылау жоғары деңгейде болса, екі аптадан кейін қала тұрғындары арасында COVID-19 вирусының тарауы күрт төмендеуі мүмкін", - деді Әбілдаев.
Қаланың бас дәрігері алматылықтардың және басқа да аймақтардың тұрғындары карантин ережесін түсініп, оны сақтайтынына сенім білдірді. Еске салайық, бүгін коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті. Алматы қаласында барлығы 90 науқас тіркелді. Екеуінің жағдайы ауыр, 10 ересек адамның жағдайы орташа. 11 адам коронавирус індетінен айығып шықты. Жалпы сауыққандар саны 27 болса, 3 адам қайтыс болды.