Жамбылда тіркелген екі науқастың бірі – жүргізуші, екіншісі – жолсерік
Жамбылда тіркелген екі науқастың бірі – жүргізуші, екіншісі – жолсерік
5,266
оқылды
Жамбыл облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы бойынша тіркелген екі науқастың бірі Тараз қаласының тұрғыны болса, екіншісі – Жамбыл ауданының азаматы. Алайда екі азаматтың індетті қайдан және қалай жұқтырғаны анық айтылмаған еді. Бүгін түсауа облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті  қосымша  деректі мәлім етті.   Тараз қаласында тіркелген 29 жасар тұрғын Ресей мемлекетіне тауар таситын жүргізуші екен. Ал Жамбыл ауданындағы 41 жасар ер адам Қызылорда-Петропавл бағытындағы 076 пойызда жол серік болып жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетсек, дәл осы пойыздың жолаушысы 22 наурыз күні Түркістан облысынан індет жұқтырған азамат ретінде анықталған болатын. Қазір аталған науқаспен байланысқа түсті деген адамдар оқшауланып отыр. Ал жалпы Жамбыл облысында тіркелген 5 жағдай бойынша 76 адам карантинде. Оның 61-нің сынамасы теріс нәтиже көрсетсе, 15-нікі қаралу үстінде.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы.