2,2 млн адам МӘМС жүйесіне тіркелмесе де 1 шілдеге дейін тегін медициналық көмек алады – Зәуреш Аманжолова
2,2 млн адам МӘМС жүйесіне тіркелмесе де 1 шілдеге дейін тегін медициналық көмек алады – Зәуреш Аманжолова
© Сурет интернеттен алынды.
279
оқылды
– Президент бұл дерттің алдын алу іс-шараларын белгілеп дер кезінде елімізде  карантин жариялағаны дұрыс болған. Кешегі үндеуінде сол карантинге қатысты ережерлерді сақтап, түсінушілік танытып, халыққа жағдай жасау керегін жеткізді.
Жасалған мәлімдеменің бірден бір артықшылығы – медицина саласындағы қызметкерлерге қосымша сыйақы берілетіні. Оның ішінде инфекция ауруханалары мен жансақтау бөлімінде істейтіндер бар. Осындай батыл қадамдар дәрігерлердің кәсібилігін бағалап, сенім көрсетіп отыр. Өйткені қазір осы індетпен бетпе-бет кездесіп, күресіп жатқандар – дәрігерлер.
Әсіресе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырғанын өте құптарлық іс деп бағалаймын. Бұл МӘМС жүйесін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізуіміз керек болған. Бірақ бұл үдерісті бірден енгізу оңай болмайтынын ескеріп, үш айға кейін шегерген еді. Енді мұны қазіргі ахуалға байланысты тағы үш ай қоя тұрамыз.
Себебі, бүгінгі таңда 2,2 миллонға жуық адам әлі МӘМС-ке тіркелмеген. Оның ішінде миллионға жуығы өздерінің жеке басты жұмыспен қамтылғандар. Арасында кішігірім кәсіпкерлікпен немесе жүргізуші болып істейтіндердің кейбірі өзі төлейді. Әрине, олар үлкен мекемедегідей сақтандыру жарнасын төлемейді. Мәселен, бұған дейін МӘМС-тің заңында 15 әлеуметтік категория көрсетілген. Оларға сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді. Соның өзі 11 миллион адамды қамтып отыр. Бұл – өте жақсы қолдау. 11 миллионға жуығын мемлекет төлесе, 5 жарым миллионға жуық адам жұмыс атқарады. Оларға МӘМС-ті жұмыс орны төлейді. Қалған 2,2 миллионның бір жарымы жұмыс істемейтіндер. Міне, осыларға 1 шілдеге дейін медициналық көмек бұрынғы қалыпта көрсетіле береді деген сөз.