64 мыңнан астам қазақстандық 42 500 теңге көлемінде көмек алды
64 мыңнан астам қазақстандық 42 500 теңге көлемінде көмек алды
© сурет интернеттен алынды
157
оқылды
Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам 42 500 теңге көлемінде көмек алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам жаңа әлеуметтік төлемді алды. 2 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам жүгінді, оның ішінде 3 438 адам төлемін алды. Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші ​​болып табылатын 60 821 адамға тағайындады және аударды. Олардың ішінен: Нұр-Сұлтан қ. – 1 521; Алматы қ. – 3 500; Шымкент қ. – 8 037; Ақмола – 2 299; Ақтөбе – 2 102; Алматы 13 548; Ақтөбе – 2 102; Алматы – 13 548; Атырау – 9 29; ШҚО – 3 435; Жамбыл – 5 436; БҚО – 1 230; Қарағанды – 2 195; Қостанай – 1 886; Қызылорда – 3 075; Маңғыстау – 1 328; Павлодар – 1 522;  СҚО – 2 457; Түркістан – 6 321 адам. Төлемді тағайындау проактивті форматта, яғни азаматтардың өтінішінсіз жүзеге асырылды. Төлемді соңғы 12 айда кемінде 1 рет БЖТ төлеген адамдар алды. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайды, ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады: - орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері; жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер; нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар; карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.