Коронавируспен ауырғандар саны 435-ке жетті
Коронавируспен ауырғандар саны 435-ке жетті
261
оқылды
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелдi. Оның алтауы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, үшеуі Солтүстік Қазақстан облысынан, біреуі Атырау облысынан, біреуі Жамбыл облысынан және біреуі Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2 сәуір, 23:15 уақыты бойынша елімізде барлығы 435 адам covid-19 дертін жұқтырды. ⠀ Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында - 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 19 адам, Жамбыл облысында -6 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 11 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 11 адам, жалпы 435 науқас тіркелді.