Түркияда 601 медицина қызметкері коронавирусқа шалдықты
Түркияда 601 медицина қызметкері коронавирусқа шалдықты
Фото: Интернеттен алынды
330
оқылды
Түркияда 601 медицина қызметкері коронавирус індетін жұқтырды. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның хабарлауынша, Еуропада COVID-19 індетін жұқтырғандардың 10%-і – ақ халаттылар. Алайда, Түркияда жағдай мүшкіл емес. Дегенмен, күннен күнге елде вирус таралып барады. Сондықтан науқастармен тікелей байланыстағы медицина қызметкерлеріне де қауіп төніп тұр. Министрдің сөзінше, елде барлық денсаулық сақтау қызметкері қажетті заттармен жабдықталған. Соңғы ақпар бойынша өлкеде ең көп коронавирус індеті Ыстамбұлда тіркелген. Елдегі жалпы науқастардың 60%-і осы шаһардан табылыпты. Одан кейін тізімде Измир, Анкара мен Қожаелі бастап тұр. Ал, көз жұмғандардың 80%-і 60 жастан асқан азаматтар. Айта кеткен жөн, Түркияда туристік маусымды биыл мамыр айының соңында бастау жоспарланған болатын.