COVID-19: Тағы 9 адамның індетке шалдыққаны анықталды
COVID-19: Тағы 9 адамның індетке шалдыққаны анықталды
Фото: Интернеттен алынды
173
оқылды
Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 09.40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелдi. Солтүстік Қазақстан облысында –  3 адам, Атырау облысында –  1 адам, Түркістан облысында –  3 адам, Ақтөбе облысында –  2 адам. Осы сағатта Нұр– Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында –  21 адам, Ақмола облысында –  19 адам, Атырау облысы – 20 адам, Жамбыл облысында –  6 адам, Шымкент қаласында –  11 адам, Шығыс Қазақстан облысында –  3 адам, Алматы облысында –  9 адам, Ақтөбе облысында –  7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында –  14 адам, Павлодар облысында –  1 адам, Маңғыстау облысында –  1 адам, Қызылорда облысында –  26 адам, Батыс Қазақстан облысында –  2 адам, Түркістан облысында –  14 адам, жалпы 444 науқас тіркелді.