Тоқаевтың тапсырмасы: «ҚазАгро» саннан – сапаға, сөзден іске көшті
Тоқаевтың тапсырмасы: «ҚазАгро» саннан – сапаға, сөзден іске көшті
Фото: Интернеттен алынды
353
оқылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорлар ретінде Германия, Ұлыбритания және АҚШ-та жұмыс тәжірибесі бар қаржы және ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық сарапшылар тартылды. 2029 жылға дейінгі Даму стратегиясы жаңа тәуелсіз жетекшілердің қатысуымен холдингтің директорлар кеңесінде мақұлданды.   [caption id="attachment_3280" align="alignnone" width="1300"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Стратегия Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Стратегия холдингті трансформациялау, шығынсыздық деңгейіне жету, еңбек өнімділігін арттыру және АӨК өнімін экспорттау, инвестициялар мен инновациялық технологияларды тарту, ауылды жерлерде жаңа бизнес бастамаларды дамыту сынды негізгі ережелерді қамтиды.
Алдағы 10 жылда жасалатын нақты қадамдар нәтижесінде: ­– Холдинг қаржыландырған жобалар бойынша өнім экспорты 30%-ға; – Инвестициялық жобалар бойынша Еңбек өнімділігі 75% - ға (2,5-тен 4,4 млн. теңге / адамға дейін); – Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 1,8 есеге дейін өсетін болады.
«Қазақстан – 2050» стратегиясында ауылшар өнімдеріне жаһандық сұраныс өсіп отырған жағдайларда ауыл шаруашылығына ауқымды жаңғыртуды жүргізу жөніндегі міндет межеленген. Қабылданған құжат 2050 жылға дейін елдің жалпы ішкі өніміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 5 есе ұлғайту қабылданған шаралардың нәтижесі болмақ.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің қаржы институттары арқылы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемдері жыл сайын артуда. 2019 жылдың өзінде «ҚазАгро» холдингі АӨК субъектілерін 477 млрд астам теңгеге қаржыландырды.
Холдингтің несиелік портфелі 887 млрд теңге көрсеткішіне жетіп, қарыз алушылар саны 77 мыңға дейін өсті. 97 пайыздан астам үлесі шағын және орта бизнес өкілдері болып табылады. Ұлттық холдингтің қаржылық қолдауының арқасында өткен жылы 37 мың ауыл тұрғандары жұмыспен қамтылып, жаңа жұмыс орындарына ие болды.   [caption id="attachment_3281" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Айта кеткен жөн, өткен жылы «ҚазАгро» холдингі сыртқы валюталық борыштарын толығымен өтеп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша пайдаға шығу мақсатында трансформация бағдарламасын қабылдаған болатын. «ҚазАгро» холдингі өз қызметін реформалау мен тиімділігін арттыруға бағытталған шараларын жүзеге асыру нәтижесінде еншілес компанияларының саны 7-ден 3-ке дейін қысқартылады және олардың функционалдық міндеттері бекітілді: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ орта және ірі бизнес жобаларын қаржыландыруға ден қояды; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бастапқы және шағын бизнеске микрокредит беруді, ЖҚИ қарыздарын кепілдендіруді және АӨК-дегі сақтандыру жүйесіне қатысуды жалғастырады; «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауылшар техникасы мен жабдығының лизингін қамтамасыз етеді. Бұл ретте қызметкерлер саны да қысқаратын болады.
2022 жылға қарай кредит беру мен лизингтің, бизнестің қолдау шараларын алуының негізгі процестері автоматтандырылып, ол «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі. Бұған еншілес ұйымдардың IT жүйелерін мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау, сондай-ақ клиенттердің қажеттілігін ескере отырып, өтінімдерді қабылдау үшін бірыңғай веб-порталдың функционалын және оны пайдаланудың ыңғайлылығын кеңейту жөніндегі жұмысты жетілдіру ықпал ететін болады. Сондай-ақ холдингтің несие беруші компанияларымен клиенттердің өзара іс-қимыл жасауы үшін ыңғайлы мобильді қосымша әзірлеу жоспарлануда.
Жаңартылған кредиттік өнімдердің бір бөлігі қаржыландыру жөніндегі шешімдерді өңдеудің және қабылдаудың (ЕДБ тұтынушылық қарыздарының үлгісі бойынша) скоррингтік жүйесіне ауыстырылатын болады. Кредит құжаттамасын сақтаудың ішкі жүйесі толығымен электрондық форматқа көшіріледі. Бизнес үдерістерді автоматтандыру мен оңтайландырудың түпкі мақсаты қаржыландыруға арналған өтінімдерді қарастыру мерзімдерін азайту, бюрократизм мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ең бастысы қызмет көрсетудің сапасы мен ашықтығын арттыру.