Мәдени ұйым қызметкерлерінің игі ісі
Мәдени ұйым қызметкерлерінің игі ісі
213
оқылды
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты рес­публи­калық ұйымдар 21 наурыздан бастап аурухана­ларға, әлеу­мет­тік мекемелерге және өз қызметкерлері үшін меди­ци­налық бетперде тігу ак­циясын бастаған. Олар са­­ни­­­­тар­лық-гигиеналық норманы сақтай отыра тіккен 15 мың­­­нан ас­там көп рет қол­да­ны­латын бетпердені тиісті меке­­ме­­лер­ге тап­­сырған. Министр Ақтоты Райымқұ­лова орталық комитетте өткен баспасөз мәслихатында аталған ак­ция туралы толыққанды мә­лі­мет берді. Жұмыла көтер­ген жүктің жеңіл екенін айта келе, бұл сынақтан да бірлік­тің ар­қасында сүрінбей өтетініміз­ге сенетінін айтты. Корона­ви­рус­қа қарсы науқанға әркім қолы­нан келгенше көмек қолын созып жат­қанын атап өтті. Министр­лікке бағынышты мекемелер елдегі жағдайдың оңалуына там­шыдай болса да үлес қосып жат­қанын жеткізді. Мысалы, осы­ған дейін олар 15 мыңнан астам көп рет қолданылатын бетпердені тиісті ұйымдарға та­быс­таған. Сонымен бірге, өңірлік мәдениет ұйымдары да акцияға атсалысып, 20 мыңнан астам бетперде тіккен.    width= Мұнымен қоса, министрлікке қарасты мекемелер жағдайы төмен азаматтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, материалдық кө­­мек көрсеткен. Сондай-ақ ми­нистр ақ халаттыларға жан-жақтан қолдау көтсетіліп жат­­қанын атап өтті. Қазір дәрі­герлерге ақындар өлең шумағын, композиторлар әнін, ел алғысын арнап жатқанын айтты. Өзі де дәрігерлерге шексіз алғысын біл­діріп, бұл сынақты мыңның күшімен, ауызбіршілікпен еңсе­ретінімізді жеткізді.  

 А.ЖОЛДАС