11 науқастың жағдайы өте қиын – Елжан Біртанов
11 науқастың жағдайы өте қиын – Елжан Біртанов
Фото: Интернеттен алынды
296
оқылды
11 науқастың жағдайы өте қиын деп саналады, олар интенсивті бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» арнасынағы тікелей эфирде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның айтуынша, 68 науқастың жағдайы орташа деңгейде, 341 науқастың жағдайы жеңіл деп саналады немесе симптомсыз науқастар. «Осы науқастарға байланысты 13 467 қарым-қатынаста болған азаматтар бар. Оның 442-і шетелге шығып кетті. Қалғаны 96,7 пайызы табылды, олар стационарда немесе үйде оқшауланған», – деді министр. Айта кетейік, бүгін сағат 14.00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi, Алматы қаласында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында - 22 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында -6 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 16 адам, жалпы 453 науқас тіркелді.

Тұмар Мырза