Мамин «РЖД» төрағасын қабылдады
Мамин «РЖД» төрағасын қабылдады
468
оқылды
Асқар Мамин «РЖД» ААҚ бас директоры, басқарма төрағасы О. Белозеровпен кездесу өткізді. Асқар Мамин «РЖД» ААҚ бас директоры, басқарма төрағасы О. Белозеровпен кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Российские железные дороги» компаниясының бас директоры, басқарма төрағасы О. Белозеровпен кездесу өткізді. Мәселені талқылауға ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы С. Мыңбаев қатысты. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту, бірлескен транзиттік әлеуетті дамыту және жолаушылар мен жүк тасымалдаудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. «РЖД» ААҚ бас директоры О. Белозеров қазақстандық әріптестермен өзара қарым-қатынас ресейлік темір жол жүйесі үшін аса маңызды екенін атап өтті. Елдер арасындағы жүк тасымалы соңғы уақытта айтарлықтай ұлғайды. – Осы жылдың қаңтар–наурыз айларында транзиттік тасымалдар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51 пайызға артты, және біз ынтымақтастықты кеңейте түсуге ниеттіміз, — деді О. Белозеров. 2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 467,7 мың тоннаға артып, 85,4 млн тоннаны құрады. Биылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша жүк тасымалдарының көлемі 21 млн тоннаны құрады. ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстанның өзара тиімді шарттармен сындарлы ынтымақтастықты кеңейте түсуге ниетті екенін атап өтті. Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің басшысы «Бір белдеу, бір жол» жобасының аясында екі елдің темір жол жүйелерінің бірлесіп қатысуының үлкен әлеуетін айтып өтті. Жалпы алғанда, тараптар қазіргі өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа бірлескен бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жандандыруға ниет білдірді.

«Айқын» ақпарат