2 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілді
2 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілді
232
оқылды
Республикалық  #BizBirgemiz акциясының шапағатын Аты­­­­раудағы бір мыңнан астам отбасы көріп отыр. Қайы­рым­ды­лық Nur Otan партиясының «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жоба­лары аясында жү­зе­ге асырылуда. Акция барысында қайы­рымды жандар кей­бір көмекке мұқтаж жандарға пә­тердің айлық ақысын төлеп бер­ген. Зейнеткер Ұлдай Мезизова мүге­дек ұлымен 10 жылдан астам  кішкентай екі бөл­мені жалдап келеді. Зейнетақы мен жәрдемақы дәрі-дәрмек пен пә­терақысынан ас­пайтынын айт­қан тұрғын пар­тиялықтардың кө­­мегіне ерекше алғысын біл­дір­ді. – Ақшамыз жетпейді. Бала­мыз­ға қымбат дәрі аламын. Өзім де жиі сырқаттанамын. Оның үс­тіне екі қолымды сындырып алып, ауруханаға барып қарал­дым. Nur Otan партиясы қиын кез­де бізге қол ұшын беріп,  кө­мектесіп жатыр. Халыққа жәр­демші бола білген партия­лық­тар­дың жұмысына табыс тілеймін, – деді Ұлдай Мезизова. Алдағы уақытта бұл көмекті аза­маттардың 7 санаты бойынша беру жоспарланып отыр. Қазіргі кезде осыған сай өңірде тізім жа­сақ­талуда. Nur Otan  партиясы Аты­рау облыстық филиалының бө­лім меңгерушісі Қуантай Би­сә­лиев бұл тізімге кімдер кіре­ті­нін айт­ты. – Тізімге жағдайы төмен көп­ба­лалы отбасылар, мүгедек жан­дар, мүгедек баланы асыраушы от­басылар кіреді. Сондай-ақ жағ­дайы төмен зейнеткерлер, соғыс ардагерлері мен тыл қыз­мет­керлері, мүмкіндігі шектеулі жан­дар және жетім балалар да бар. Аталған тізім бойынша көмек көр­сетіледі,– деді ол.  Ақтөбеде де мыңнан астам от­басыға партиялықтар көмек көр­сеткен.    width= Оларға азық-түлік пен сани­тар­лық-гигиеналық заттар та­быс­талды. Nur Otan партиясының қайы­рымдылық көмегін өңірдегі көп­балалы отбасылар, мүгедек ба­ла тәрбиелеп отырғандар мен аз қамтылған отбасылар және жал­ғызбасты зейнеткерлер алды.  

Әбілмансұр ЖАСАН