Одердегі қанды шайқаста ерлік көрсеткен Мұрат Қасымов
Одердегі қанды шайқаста ерлік көрсеткен Мұрат Қасымов
©Сурет интернеттен алынды
442
оқылды
1918 жылы дүниеге келген Мұрат Қасымов 21 жасында әскерге шақырылған екен. Әскери борышын Алматы облысынан бастаған ол, кейін Суворов бригадасының 30-минометті Новгород орденінің 191-миномет полкінің барлау бөлімінің командирі әрі бас сержанты болды. [caption id="attachment_33123" align="alignleft" width="506"]Ұлы Отан соғысы ©Сурет интернеттен алынды[/caption] 1945 жылдың 25 қаңтар айында бір топ жаяу әскермен Одер өзенінің батыс жағалауындағы жарылған теміржол көпіріне бірінші жетіп, жауының басым күшіне қарамастан, қолындағы жалғыз автоматпен оларға қарсы тұрып, он бес шақты немісті атып түсірген. Әлгі жерде ол өзен бойымен келе жатқан өзінің жаяу әскерін қарсыласының шабуылынан қорғаған. Соның арқасында қорғаныстан өткен әскер Одер өзенінде шабуылға шыққан. Сөйтіп, Мұрат Қасымов бастаған топ Койц ауылына басып кірген. [caption id="attachment_33124" align="alignright" width="454"]Ұлы Отан соғысы ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Қарсылас та қол қусырып отырмаған екен. Басқыншыларды құрту мақсатында қиян-кескі қарсы шабуыл жасаған. Ол жерде де Қасымов ерлік көресетіп, өзіне қарсы келген жаудың 12-сін құлатып, танкті ататын гранаталармен бірнеше броптранспортерды жолдан тайдырды. Алайда немістер мұндай қарсылыққа тойтарыс беріп, жаңа күшпен сержантқа қайта шабуыл жасады. Сол кезде ол Одер өзенінің шығыс жағалауында тығылып жатқан әскерге шартты белгі беріп үлгерді.

Қантөгіске толған алаңқайда сансыз ұшып жатқан оқ, толассыз жарылыстан көз ашылар емес. Немістер де жойқын соққыға беріспей, соңғы деміне дейін қарсыласты. Жауымен арпалысып жүрген Мұрат Қасымов өз минасынан зақым алды. Осы ерлігіне қарай, ол «Кеңес одағының батыры» атағына лайықты еді.  Дегенмен сержант 1944 жылдың 15 ақпанында «Ерлігі үшін» медалімен ғана марапатталған екен.